Барлығына арналған дене белсенділігі

2023 жылы "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың жай-күйі мен перспективалары" тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Бұл мақалада біз әлеуметтік зерттеу барысында қойылған бір сұрақты талдауға тырысамыз.

         Респонденттерге дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға (дене белсенділігі) не кедергі келтіреді деген сұраққа жауап беру ұсынылды.    

Жауаптар келесідей бөлінді:

Респонденттердің 53,31%-ы уақыттың жоқтығын көрсетті,

Қаржылық мүмкіндіктердің жоқтығына 12,54%,

Спорт объектілерінің, секциялардың болмауына 5,92%

Респонденттердің 28,23%-на жауап беру қиынға соқты.

         Бұл жауаптар шын мәнінде сылтау, өйткені дене белсенділігі дегеніміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша – бұл энергия шығынын қажет ететін дененің кез келген қозғалысы.

         Орташа және қарқынды дене белсенділігі денсаулықты жақсартуға ықпал етеді. Дене белсенділігінің қарапайым түрлеріне жаяу жүру, велосипед және ролик тебу, белгілі бір спорт түрімен айналысу, таза ауада демалу немесе кез келген ойындар жатады.

 

         Тұрақты дене белсенділігі жүрек-қан тамырлары ауруы, қант диабеті және қатерлі ісіктің кейбір түрлері сияқты жұқпалы емес аурулардың алдын алуға және емдеуге ықпал ететіні дәлелденді. Қан қысымының алдын алуға, дене салмағын қалыпты ұстауға, психикалық денсаулық пен өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.

 

         Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 18-64 жас аралығындағы ересектерге аптасына 150-300 минут орташа немесе 75-150 минут жоғары қарқынды дене белсенділігін ұсынады.

         Яғни, бір күнде орташа қарқынды 21-42 минут немесе жоғары қарқынды 10-21 минут дене белсенділігін қажет етеді.

         Уақыт тапшы болған немесе басқа да жағдайларда 21-42 минуттық орташа қарқынды дене белсенділігін тәулігіне 7 минуттан екі-үш ретке, ал 10-21 минуттық жоғары қарқынды дене белсенділігін  тәулігіне 5 минуттан 2 ретке бөлуге болады.

         Егер жұмысқа автобуспен бара жатқанда бір аялдамадан бұрын түсіп, жаяу жүрсеңіз (орташа немесе жоғары қарқындылықпен), онда бұл да дене белсенділігіне жатады (10 минуттық серуеннің пайдасы туралы)

Уақыт өте келе дене белсенділігінің тұрақты дағдысы қалыптасады және сіз оның уақыты мен қарқындылығын арттыра аласыз. Екі минуттық қарапайым отырып-тұру немесе би билеуден бастасаңыз да болады...

         Дене белсенділігі сізге көтеріңкі көңіл күй сыйлауы керек екенін естен шығармаңыз (belsendiel.kz сайтында сіз өзіңізге қолайлы дене белсенділігі мен спорт түрін таңдай аласыз).

 

         2017 жылғы Еуроборометр әлеуметтік зерттеуінің нәтижесінде Еуропа халқының 54%-ы қандай да бір дене белсенділігін ұстанатындығы анықталды. Бір қызығы, олардың 70%-ы кезкелген жерде дене белсенділігімен айналысады (таза ауада 43%, үйде 38%, 19% жұмысқа немесе үйге жаяу баратындар),ал қалған 30%-ы спорт клубтарында айналысады.

        

         Осы айтылғандарды қорыта келе денсаулығыңызға немқұрайлы қарамайды деген сенімдеміз.

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

       Уақытты дұрыс пайдалану, отбасын дене белсенділігіне тарту, денсаулықты жақсарту, үлкен жетістіктерге жету құпиясын білгіңіз келсе, үш баланың анасы дене шынықтыруға уақыт тауып келетін Әсия Дәулетханмен өткізілген сұхбатты назарларыңызға ұсын...

Жүрек – адамның ағзасындағы ең көп жұмыс атқаратын маңызды мүше. Сондықтан оның саулығына баса назар аудару қажет. Жүрегіңіз ауырмасын десеңіз келесі жариялымда жазылған кеңестерімізге құлақ асыңыз! ...

Аймақтарын білу мақсаттарыңызға сәйкес келетін тиімді жаттығулар бағдарламасын жасау үшін өте маңызды ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.