Барлығына арналған дене белсенділігі

         Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған аэробты жаттығулар – бұл мүгедектер арбасында немесе орындықта отырып жасайтын жаттығулар.

Аэробты жаттығулартың пайдасы:

  • Жүректің ишемиялық ауруына қарсы күресуге көмектеседі.
  • Өкпе жұмысын жақсартады.
  • Ағзадағы жақсы көңіл-күй гормондарын жоғарылата отырып, күйзеліс белгілерін жеңілдетеді.
  • Эмоционалды тұрақтылықты, есте сақтауды және мидың басқа да функцияларын жақсартады.
  • Қант диабетінің қаупін азайтады.
  • Ұйқы сапасын жақсартуға көмектеседі.

 Бұл жасқа немесе жынысқа қарамастан барлығына оңтайлы жаттығулар.

 

1. Серуендеу.

Бастапқы қалып (Б.қ.) – арбада немесе орындықта отырып. Өзіңізді жүріп келе жатқандай елестетіп, барынша осы қимылдың имитациясын жасаңыз. 

Орындау мөлшері: 30 секундтан 2 минутқа дейін.

 

2. Ескек есу. 

Б.қ. –дәл солай (д.с.).

Өзіңізді қайықта отырып ескек есіп келе жатқандай елестетіңіз. Баяу бастап, уақыт өте келе қимыл жылдамдығын арттырыңыз.

Орындау мөлшері: 30 секундтан 2 минутқа дейін.

 

3. Жүзу.

Б.қ. -д.с..құлаштап жүзу (фристайл, кроль на груди) әдісіндегі қолдардың қимылын жасауыңыз қажет. Содан соң шалқалап жүзу (на спине) әдісініндегі қолдардың қимылын жасайсыз.

Орындау мөлшері: 30 секундтан 2 минутқа дейін.

 

4. Иықты көтеріп-түсіру

Б.қ. – мүгедектер арбасында немесе орындықта отырып, қолдар төменде. Иықты көтеру және түсіру.

Орындау мөлшері: 10-20 рет. 

 

5. Қолдарды алға-артқа айналдыру

Б.қ. - мүгедектер арбасында немесе орындықта отырып, қолдар төменде. Қолдарды тік ұстап алға және артқа айналдыру.

Орындау мөлшері: 10-20 рет. 

 

6. Баскетбол.

Б.қ. - д.с.. допты екі қолымен бастың артынан лақтыру имитациясы. Жаттығуды доппен орындауға болады.

Орындау мөлшері: 10-20 рет. 

 

Белсенді болыңыз!

 

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

       Сіз қазір отырсыз ба? Яғни, сіз қазіргі өркениетті адамдарға тән «белсенді емес» жұмыс түрімен жұмысбасты болып отырсыз. Бұл - адамдардың әдеттегі позасы. ...

         Ызғарлы... аязды күндер басталды, сіз спортпен шұғылдануды жалғастырудың орнына жылы көрпе жамылып «қысқы ұйқыға» кетуге бел будыңыз ба!? ...

Асқазанға ас барғаннан кейін, жатып демалғымыз келетіні анық. Алайда, тамақтан соң таза ауада серуендеудің пайдасы зор. Денсаулық жақсарып, көңіл-күй көтеріледі. Толық ақпарат алу үшін біздің кезекті жариялымға мұқият көңіл бөліңіз! ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.