Ересектерге арналған дене белсенділігі

           Тыныс алу - адам өмірінің негізі, бұл адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы оттегі мен көмірқышқыл газының алмасу процесі.

Тыныс алу органдарының негізгі ауруларына: ларингит, фарингит, гайморит (көбінесе жоғарғы тыныс жолдарының көптеген ауруларының асқынуы ретінде пайда болады), бронх қабынуы (бронхит), өкпе қабынуы (пневмония), бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, плеврит, өкпе эмфиземасы және т.б. жатады.

Тыныс алу жүйесінде, адам ағзасының басқа жүйелеріндегі секілді өзіндік қорғаныс тетігі бар. Дегенмен, оны тыныс алу органдары ауруларының алдын алу үшін қолдау қажет.

 

Тыныс алу органдары ауруларының алдын алу:

  • Дене шынықтыру;
  • Шынықтыру процедуралары;
  • Үйлестірілген тамақтану;
  • Зиянды әдеттерден бас тарту (темекі, алкоголь);
  • Таза ауада серуендеу;
  • Бөлмелерді ылғалды тазалау және уақытылы желдету;
  • Қоғамдық орындарда және вирустық аурулардың эпидемиясы кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.

 

Тыныс алу органдарының аурулары кезіндегі емдік тамақтану бойынша өз дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

Осы аурулар болған жағдайда емдік дене шынықтыру сабақтарында жалпы сергітетін және арнайы (тыныс алу) жаттығулар жасалады.

Жалпы сергітетін жаттығулар тыныс алуды жақсартады. Арнайы жаттығулар тыныс алу бұлшықеттерін нығайтады, көкірек қуысы мен диафрагманың қозғалғыштығын арттырады, қақырықты шығару мен іркілу жағдайларын азайтады. Көптеген аурулардың асқынуы кезінде және қатерлі ісік аурулары бар болған жағдайда дене шынықтырумен айналысуға рұқсат етілмейді. Төменде берілген бір жаттығу кешенін күніне 2-3 реттен жасау қажет.

 

Өкпе қабынуы кезіндегі жаттығулар кешені

1.     

Аяқ ұшымен, өкшемен, табанның сыртқы және ішкі жағында 1-2 минут жүру.

 

2.     

Қолдарды көтеріп, шалқаю (демді ішке тарту). Қолды тізеге қойып, отыру (демді шығару). 5-10 рет қайталау.

 

3.    

Бастапқы қалып (Б.Қ.) түрегеп тұру. Аяқ ұшында тұрып йықтарды көтеру (демді ішке тарту). Б.Қ. (демді шығару). 5-10 рет қайталау.

 

4.    

Б.Қ. түрегеп тұру. Екі жаныңа иілу (демді ішке тарту). Б.Қ. (демді шығару). 5-10 рет қайталау.

 

5.    

Б.Қ. түрегеп тұру. Екі жаныңа бұрылу (демді ішке тарту). Б.Қ. (демді шығару). 5-10 рет қайталау.

 

6.    

Санды жоғары көтеріп бір орында жүру, қолдар белсенді жұмыс істейді. 1-2 минут орындау.

 

7.

Қолдарды жоғары көтергенде (демді ішке тарту). Тізені кеудеге тарту (демді шығару). 5-10 рет қайталау.

 

8.    

Қолдарды көтеру (демді ішке тарту). Екі жаныңа иілу (демді шығару). 5-10 рет қайталау.

 

9.    

Велосипед тепкенді салу. 30-40 секунд орындау.

10. 

Қолдар екі жақта (демді ішке тарту). Өзін-өзі құшақтау (демді шығару). 10 рет қайталау.

 

                                                                                                                Дайындаған: Анастасия Смирнова

                                                                                                                Аударған: Әсел Рахметова

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

Аралық ашығу (АА) – тамақтану мен ашығу уақыттарының кезектесіп отыратын тамақтану тәртібі. ...

           Диета қауіпсіз болу үшін ақуыз, май мен көмірсуларға қойылған шектеулер ақылға қонымды және ас үлесі теңдестірілген болуы керек. Артық салмақтан бірте-бірте арылу қажет, салмақты күрт жоғалту ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді. ...

         Дюкан диетасы – бұл артық салмақтан арылтып және сол қол жеткізген нәтижені өмір бойы сақтауға бағытталған 4 кезеңдік бағдарлама. Оның негізін қалаушы француз диетологі Пьер Дюкан. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.