Ересектерге арналған дене белсенділігі

         «Кето диетаның» авторы Джозеф Меркола. Кето диета – бұл тамақтануда көмірсулардан толықтай дерлік бас тарту болып табылады.

Бұл өз кезегінде ағзаға қуат көзі ретінде глюкозаны емес (көмірсуларды қорыту өнімі), кето денелерді (майлар метаболизмінің өнімі) қолдануға мәжбүрлейді.

Кето диетаны қалай бастау керек?

Зат алмасу процесін кетон режиміне ауыстыру үшін қандағы глюкозаның көлемі кем дегенде 36-48 сағат бойы төмен болуы қажет. Глюкоза деңгейін бұлай төмендетудің  жолы көмірсулардан тұратын тағамдардан толықтай бас тарту болып табылады.

Сонымен қатар, кетозға ену үзілмелі (интервалды) ашығу қағидасы арқылы жүзеге асыруға болады.

Қандай жағдайда Кето диетасын ұстануға болмайды?

Кето диетасын ұстануға болмайтын жағдай, ол созылмалы бауыр және бүйрек аурулары болып табылады.

Жүкті әйелдерге кетон диетасын ұстануға тыйым салынады, және де алкогольді шамадан тыс тұтынатындарға, сондай-ақ, холетерин деңгейін бақылауға арналған дәрі-дәрмектерден бастап анаболиктер сияқты бірқатар медициналық препараттарды қабылдау кезінде бұл диета түрін ұстанбаған дұрыс.

Егер кетон диетасының сізге сәйкес келетіндігіне күмәндансаңыз, денсаулық сақтау саласындағы маманмен кеңесу ұсынылады.

  Кето диетада рұқсат етілген тағамдардың тізімі:

· еттің барлық түрлері (сиыр, қой, жылқы және тауық еттері)

· балық пен теңіз өнімдерінің барлық түрлері

· жұмыртқа

· сүт өнімдері (май, ірімшік, сүзбе, аз мөлшерде сүт)

· кез келген өсімдік майлары

· кез-келген жасыл көкөністер

· аз мөлшерде жаңғақтар

· аз мөлшерде жидектер

· крахмалды емес көкөністер (авокадо, асқабақ аз мөлшерде)

· дәндер, дәмдеуіштер

· саңырауқұлақтар

Кето диетада тыйым салынған өнімдер:

· Ұннан жасалған кез-келген өнім

· Өңделген ет өнімдері (колбасалар мен сосискалар)

· Қант пен көмірсутегі бар көкөністер, мысалы жүгері мен картоп

· Жемістер мен кептірілген жемістер (тек өте аз мөлшерде жеуге рұқсат етіледі)

· Кез-келген алкогольді ішімдіктер

Егер сіз арықтағыңыз келсе, дұрыс теңдестірілген тамақтануды ұстаныңыз.

Маңызды элементтер жиынтығының қандай да болмасын теңгерімі дұрыс емес диета түрлерін таңдамаған абзал.

Ең бастысы дене жаттығуларына көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданыңыз, оған құмар болыңыз, дене белсенділігі әлемінде әрбір адамға орын бар және оның қолжетімді екендігін ұмытпаңыз!      

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

DASH жоғары қан қысымының (гипертония) алдын алатын және оны төмендететін үйлестірілген диета. ...

         «Кето диетаның» авторы Джозеф Меркола. Кето диета – бұл тамақтануда көмірсулардан толықтай дерлік бас тарту болып табылады. ...

        Адамдардың көпшілігі жүрек-қан тамырлары жұмысын жақсартатын жаттығулар (кардио жаттығулар) туралы ойлағанда, ең алдымен ойға жүгіру, велосипед тебу немесе жүзу келеді. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.