Тыныс алу - адам өмірінің негізі, бұл адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы оттегі мен көмірқышқыл газының алмасу процесі.
Тыныс алу жүйесінде адам ағзасының басқа жүйелеріндегі секілді өзіндік қорғаныс тетігі бар. Дегенмен, оны тыныс алу органдары ауруларының алдын алу үшін қолдау қажет.
Осы аурулар болған жағдайда емдік дене шынықтыру сабақтарында жалпы сергітетін және арнайы (тыныс алу) жаттығулар жасалады.
Көптеген аурулардың асқынуы кезінде және қатерлі ісік аурулары бар болған жағдайда дене шынықтырумен айналысуға рұқсат етілмейді. Төменде берілген жаттығу кешендерін күніне 2-3 реттен жасау қажет.
Бронх демікпесі кезіндегі жаттығулар кешені
1.
Б.Қ. жату (демді ішке тарту). Бүгілген аяқты кеудеге қарай көтеру. 5-10 рет қайталау.
2.
Мұрынмен демді ішке тартқан кезде ішті қатты үрлеу, одан соң ішті тарта отырып бірден демді шығару. 10-15 рет қайталау.
3.
Демді ішке тартып, оны шығарған кезде «а», «о» немесе «и», «у» дыбыстарын мүмкіндігінше ұзақ айту. 5-10 рет қайталау.
4.
Мұрынның алдымен оң жақ (сол жақ) тесігін жауып, сол жақ (оң жақ) тесігімен дем алу. 10-15 рет қайталау.
5.
Демді ішке тарта отырып қолдарды екі жаққа жаю, ал дем шығаруда тізені қолмен ішке тарту. Әр жаққа 10-15 рет қайталау.
6.
Қолды йыққа қою (демді ішке тарту). Еңкею (демді шығару). Әр жаққа 5-10 рет қайталау.
7.
Б.Қ. отырып. Күш сала отырып екі аяқты көтеру (демді ішке тарту). Б.Қ. (демді шығару). 5-10 рет қайталау.
8.
Асықпай бірқалыпты тыныс алу. 30-60секунд қайталау.
Плеврит кезіндегі жаттығулар кешені
1.
Б.Қ. отырып, терең дем алу. Қолды алға созып дөңгелете айналдыру. Б.Қ. (демді шығару). 5-10 рет қайталау.
2.
Б.Қ. отырып. Аяқты бүгіп, кеудеге тарту (демді шығару). Б.Қ. (демді ішке тарту). 5-10 рет қайталау.
3.
Баяу бастап, біртіндеп үдете бір орында жүру. 1-2 минут жасау.
4.
Б.Қ. түрегеп тұру. Денені екі жанына бұру (демді ішке тарту). Б.Қ. (демді шығару). 5-10 рет қайталау.
5.
Б.Қ. түрегеп тұру. Екі жанына иілу (демді ішке тарту). Б.Қ. (демді шығару). 5-10 рет қайталау.
6.
Б.Қ. түрегеп тұру. қол мен шынтақты артқа жіберу (демді ішке тарту). Б.Қ. (демді шығару). 5-10 рет қайталау.
7.
Б.Қ. түрегеп тұру. Қолды барынша артқа созып, алға иілу (демді шығару). Б.Қ. (демді ішке тарту). 5-10 рет қайталау.
8.
Шарды үрлеу. 5-10 рет қайталау.
Төменгі тыныс алу жолдары кезіндегі жаттығулар кешені (бронхит, өкпе эмфиземасы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ХОБЛ) және гайморит)
1.
«Алақан». Жұдырық түю (демді ішке тарту). Босату (демді шығару). 10-15 рет қайталау.
2.
«Сорғыш». Б.Қ. түрегеп тұру. Еңкею (демді ішке тарту). Б.Қ. (демді шығару). 10-15 рет қайталау.
3.
«Йықтарды құшақтау». Бір уақытта екі қолмен йықтан құшақтау (демді ішке тарту), қолдарды ақырын айырып, екі жаққа жаю (демді шығару). 10-15 рет қайталау.
4.
«Сегіз». Еңкею, мұрынмен демді ішке тартып 8-ге дейін санау. Болған соң демді шығару. 10 рет қайталау.
5.
«Күшті түсіру». Б.Қ. түрегеп тұру. Еңкейіп, йықтан күш түсіргендей жұдырықтарды ашқанда демді сыртқа шығару. Б.Қ. (демді ішке тарту).
6.
Басты төмен иілтіп, терең баппен дем алу. 30-60 секунд орындау.
Дайындаған: Анастасия Смирнова
Аударған: Әсел Рахметова