Ересектерге арналған дене белсенділігі

          Кофе – әлемдегі ең танымал сусын.

 Кофенің денсаулыққа пайдалы 13 негізгі артықшылығы:

 1. Қуат көзін арттырып, мидың жұмысын жақсартады

 Өйткені оның құрамында кофеин деп аталатын стимулятор бар, ол әлемде жиі қолданылатын психикалық белсенді зат.

 Көптеген зерттеулер кофенің есте сақтау, көңіл күй, қырағылық, қуат деңгейі, әрекет ету жылдамдығы мен жалпы психикалық функциясын жақсартатындығын көрсетеді. 

 Кофеин мидағы тежегіш нейротрансмиттерді бұғаттап, ынталандыру әсерін туғызады. Бұл қуат деңгейін арттырады, мидың басқа да функцияларын жақсартып, көңіл-күйді көтереді.

2. Майлардан арылтады

Кофеин майларды кетіру мақсатында барлық дерлік коммерциялық қоспаларда болады. Ол бекер емес, өйткені кофеин майдан арылтатын табиғи заттардың бірі.

Бірнеше зерттеулер кофеин метаболизм жылдамдығын 3-11%-ға жоғарлататынын көрсетті.

Басқа зерттеулер кофеин толық адамдарда майдың жануын 10%-ға, арық адамдарда 29%-ға арттыратынын көрсетті.

Алайда кофені көптен ішіп жүрген адамдарда ондай әсер болмайды. 

3. Жұмыс істеу қабілетін біршама жақсарта алады

Кофеин адреналин деңгейін арттырады және май тіндерінен майлы қышқылдарды босатады. Бұл өз кезегінде жұмыс істеу қаблетін 11-12%-ға арттыратынды.

Сондықтан спортзалға бармастан жарты сағат бұрын бір шыныаяқ кофе ішіп алған абзал.

 4. Құрамында қажетті қоректік заттар бар

Бір шыныаяқ кофенің құрамында:

·  Рибофлавин (B2 дәрумені): тәуліктік тұтынуға ұсынылатын мөлшердің (ТТҰМ) 11% (RDI).

·  Пантотен қышқылы (B5 дәрумені): ТТҰМ-ның 6%.

·  Марганец және калий: ТТҰМ-ның 3%.

·  Магний және ниацин (B3 дәрумені): ТТҰМ-ның 2%.

5. 2-типті қант диабеті қаупін азайтуы мүмкін

 Зерттеулер кофе ішетін адамдардың осы аурумен ауыру қаупі 23-50%-ға, ал бір зерттеуде тіпті 67%-ға төмендегендігін көрсетеді.

457 922 адам қатысқан 18 зерттеудің нәтижесі, күнделікті бір шыныаяқ кофе ішу 2-типті қант диабеті қаупінің 7%-ға төмендеуімен байланысты екенін көрсетті.

 6. Альцгеймер мен деменциядан қорғай алады

 Альцгеймер ауруы – бүкіл әлемде ең көп таралған нейродегенеративті ауру және деменцияның (ақыл-ой қабілетінің нашарлауы) негізгі себебі.

Бұл ауру көбінесе 65 жастан асқан егде адамдарда кездеседі, оған қарсы дәрі-дәрмек жоқ.

Алайда аурудың пайда болуына жол бермеу жолдары бар. Әрине оған дұрыс тамақтану мен жаттығуларды  жатқызамыз, алайда кофе де керемет тиімді болуы мүмкін.

Бірнеше зерттеулер кофе әуесқойларында Альцгеймер қаупі 65%-ға төмен екенін көрсетеді.

 7. Паркинсон ауруының қаупін азайтуы мүмкін

Паркинсон ауруы – Альцгеймер ауруынан кейінгі екінші ең көп таралған нейродегенеративті ауру.

Мидың жүйкелік жасушаларының біртіндеп семуі  (тіршілігін жоюы) салдарынан пайда болатын ауру.

Альцгеймер ауруы сияқты бұл аурудың да емі жоқ, сондықтан оның алдын алуға назар аударған жөн.

Зерттеулер көрсеткендей, кофе әуесқойларында Паркинсон ауруының қаупі 32-ден 60%- ға дейін төмен.

Бұл жағдайда кофеиннің өзі пайдалы, ал кофеинсіз кофе ішетін адамдарда Паркинсон ауруы қаупін төмендетудегі әсері жоқтың қасы.

 8. Бауырды қорғай алады

 Бауыр – жүздеген маңызды функцияларды атқаратын ғажайып орган.

 Бірнеше кең тараған аурулар, соның ішінде сарыауру (гепатит), майлы гепатоз және басқа да аурулар бірінші кезекте бауырға зиян келтіреді.

 Бұл жағдайлардың көпшілігі циррозға әкелуі мүмкін, яғни бұл ауруда бауырдың көп бөлігін тыртық тін басады. Ал, кофе цирроздан қорғанудың бірден бір жолы, өйткені күніне 4-5 шыныаяқ кофе ішетін адамдарда ауру қаупі 80% төмен.

 9. Депрессиямен күресіп, сізді бақытты ете алады

 Депрессия – бұл өмір сүру сапасының едәуір төмендеуіне әкелетін психиканың бұзылуы.

2011 жылы жарияланған Гарвард зерттеуіне сәйкес, күніне 4-5 шыныаяқ кофе ішкен әйелдерде депрессия қаупі 20%-ға төмен болатын көрінеді.

208 424 адамның қатысуымен жүргізілген тағы бір зерттеу күніне   4-5 шыныаяқ кофе ішкендердің өзіне қол жұмсауы 53%-ға аз болатындығын көрсетті.

 10. Кейбір ісік түрлері қаупін азайтады

 Қатерлі ісік – әлемдегі өлімнің басты себептерінің бірі. Ол организмдегі жасушалардың (клетка) бақылаусыз өсуімен сипатталады.

 Кофе қатерлі ісіктің екі түрінен қорғайды: бауыр мен тоқ ішек қатерлі ісігі.

 Әлемде қатерлі ісік ауруынан болатын өлімдердің ішінде бауыр қатерлі ісігі үшінші, ал тоқ ішек қатерлі ісігі төртінші орында.

 Зерттеулер көрсеткендей, кофе әуесқойларында бауырдың қатерлі ісігінің қаупі 40%-ға төмен.

Сол сияқты, 489 706 адамның қатысуымен жүргізілген бір зерттеу күніне 4-5 шыныаяқ кофе ішкендердің тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупі 15%-ға төмен екенін көрсетті.

11. Жүрек ауруларын тудырмайды және инсульт қаупін төмендетеді

Кофеин қан қысымын жоғарылатуы мүмкін деп жиі айтылады.

Бұл дұрыс, бірақ сынап бағанасы бойынша тек 3-4 мм-ге ғана көтеріледі. Әсері ондай көп емес және сіз әрдайым кофе ішіп жүрген болсаңыз аз уақыттың ішінде қалпына келеді.

Дегенмен, қан қысымы жоғары адамдарда, кофе ішкеннен кейін қан қысымының жоғары болуы ұзақ сақталуы мүмкін.

Сонымен қатар, зерттеулер кофе жүрек аурулары қаупін арттырады деген пікірді растамайды.

Керісінше, кофе ішетін әйелдерде қауіп деңгейі аз екендігін растайтын зерттеулер бар.

Тағы бір айта кететін жайт, кейбір зерттеулер кофе әуесқойларында инсульт қаупі 20%-ға төмен екенін көрсетеді.

 12. Өмір жасыңызды ұзартуға көмектесуі мүмкін

Кофе әуесқойларының көптеген ауруларға шалдығу мүмкіндігі аз екенін ескерсек, кофе ұзақ өмір сүруге көмектеседі.

Екі ауқымды зерттеу нәтижелері кофе ішу 18-24 жас аралығындағы ер адамдарда өлім қаупінің 20%-ға және әйелдерде 26%-ға төмендегендігін көрсетті.

Бұл нәтиже әсіресе 2-типті қант диабеті бар адамдарда жақсы байқалған. Жиырма жылдық бір зерттеу, кофе ішіп жүрген диабеті бар адамдарда өлім қаупі 30%-ға төмен болғандығын көрсетті.

 13. Антиоксиданттың ең үлкен көзі

 Кофенің құрамында антиоксиданттар айтарлықтай көп. Зерттеулер антиоксиданттардың басым бөлігін адамдар жеміс-жидектерге  қарағанда кофеден көбірек алатындығын көрсетті.

 

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

         Салмақ түсіруге немесе бұлшықет массасын арттыруға бағытталған теңдестірілген тамақтану түрін диета деп те атауға болады, солай бола тұра ол да дұрыс тамақтанудың бір түрі.  ...

        Азық-түлік калориялығы (құнарлығы) – салмақтың өзгеруіндегі негізгі фактор. Дұрыс үйлестірілген қуатты (энергияны) ала отырып, біз ағзаның алға қойған мақсаты – бұлшықеттерді өсіруді, май қыртыстарын азайтуды, денсаулыққа зиянсыз және салдарс...

          Кофе – әлемдегі ең танымал сусын. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.