Ересектерге арналған дене белсенділігі

           Диета қауіпсіз болу үшін ақуыз, май мен көмірсуларға қойылған шектеулер ақылға қонымды және ас үлесі теңдестірілген болуы керек. Артық салмақтан бірте-бірте арылу қажет, салмақты күрт жоғалту ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді.

Диета ағзаны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуі керек және дәрумендер, минералдар, маңызды амин қышқылдары және басқа пайдалы заттардың тапшылығы болмауы керек

 Денсаулыққа пайдалы деп есептелетін танымалы аймақтық диеталарды қарастырайық.

 1. Жерорта теңізі диетасы - бұл диетаға кіретін тағамдар қоректік заттарға толы және барлық жастағы адамдардың тағамдық қажеттіліктерін қанағаттандырады.

 Ең қарапайым қағидалардан тұратын бұл диета түрі шынында да ең тиімді болып табылады:

 + маусымдық тағамдар басым - жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар;

+ зәйтүн майы;

+ тұз, қант және қызыл ет өте аз;

+ орташа мөлшерде – балық және құс еті;

+ ірімшіктер, сүзбе, йогурт, жұмыртқалар.

Мұндай диетаның арқасында жалпы өлім, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек аурулары, қатерлі ісіктердің кейбір түрлері, қант диабеті және жүйке ауруларының деңгейі төмендейді.

2. Скандинавиялық диета – бұл диета синтетикалық қоспалары, дәм тұрақтандырғыштары, эмульгаторлар мен бояғыштары бар жасанды әрі зиянды тағамдардан бас тартып, тек табиғи және экологиялық таза өнімдерді пайдалануды ұсынады.

+ 75 пайыз органикалық өнімдер, көп мөлшерде шөптер мен тұздықтар;

+ етті аз тұтыну, оның ішінде қой мен сиыр етін қолдану ұсынылады;

+ дәнді дақылдардың басым болуы (сұлы, қара бидай, итмұрын, көкжидек, қызылша, брюссель қырыққабаты, шалқан, пастернак);

+ аз мөлшерде майсыздандырған сүт өнімдері;

+ балық және теңіз өнімдері.

Бұл арықтау жүйесінің негізгі қағидасы ағзаны барлық пайдалы заттармен толық, бірақ ұтымды қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан адам арықтап қана қоймай, барлық органдар мен жүйелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

3. Окинавадан алынған жапондық диета

Окинава – Жапониядағы ұзақ өмір сүретіндер аймағы. Олар гипертониядан зардап шекпейді, холестерин, онкология және инсульт туралы мүлдем хабарсыз.

Конфуцийшілдік қағидалар олардың мінезі мен асқа деген көзқарасына әсер етті. Тамақтануға келгенде "Біз өмір сүру үшін тамақтанамыз, ал тамақтану үшін өмір сүрмейміз" деген қағиданы ұстанады.

Дегенмен, ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын тамақтануда деп санайды:

+ басым мөлшері көкөністерден туратын төмен калориялы диета - батата (тәтті картоп), жасыл жапырақты көкөністер, тұздың орнына соя соусы;

+ балық және теңіз өнімдерінің аз, ал еттің одан да аз мөлшерде қолданылуы;

+ одан да аз мөлшерде тазартылған дәндер, қант, тұз және майлы сүт өнімдері;

+ жиі, бірақ аз мөлшерде, асықпай рахаттана отырып тамақтану.

4. Азиялық диета

Азияда, әсіресе, Қытай, Жапония және Вьетнамда семіздікке шалдыққандар жоқтың қасы. Еуропа мен салыстырғанда жүрек-тамыр аурулары аз.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында халықаралық диетологтар тобы мұның себебі "неде" деген сұраққа жауап іздеп жүріп, азиялық тамақтану пирамидасын жасады:

+ күріш, кеспе және дәнді дақылдар;

+ жемістер, көкөністер, бұршақ және дәнді дақылдар мен жаңғақтар;

+ балық және ұлулар;

+ құс еті мен жұмыртқа - аптасына екі рет;

+ қызыл ет - айына бір реттен көп емес.

Азиялық диета өзіне тән теңдестірілген тамақтанудың арқасында көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндігі бар, мысалы: қатерлі ісік, холестериннің жоғары болуы, жүректің ишемиялық ауруы, семіздік және т. б.

Есіңізде болсын, қарапайым және теңдестірілген диетаны ештеңе де алмастыра алмайды. Артық салмақтан арылу үшін ұн тағамдары, тәттілер, фаст-фуд, қантты газдалған сусындар және тазартылған өнімдер сияқты жылдам сіңірілетін көмірсулардан бас тарту жеткілікті.

 

Тазартылған өнімдер дегеніміз не?

Тазартылған өнімдер - бұл фабрика зауытта өнімді өндеу процесі арқылы алынған өнімдер, бұл арқылы өнім түпкілікті тазартудан немесе әрлеуден өтеді. Өндеу процесінде табиғи өнім құрамдас бөліктерге бөлінеді, олардың кейбіреулері коректік заттардың көп мөлшерімен бірге қалдықтарға жіберіледі, сондықтан тазартылған өнім дұрыс тамақтану тұрғысынан толыққанды емес болады.

 

Төменде тазартылған өнімдердің денсаулыққа зиянды болып саналуының негізгі себептері келтірілген:

1. Қант немесе фруктозасы жоғары жүгері шәрбаты мөлшерінің көп болуы.

2. Гипер дәміне байланысты бақылаусыз тұтыну.

3. Жасанды қоспалардың көп болуы.

4. Тағамға тәуелділік.

5. Тазартылған көмірсулардың жоғары мөлшері.

6. Қоректік заттардың  аздығы.

7. Талшықтар мөлшерінің аздығы.

8. Өңделген майлардағы қанықпаған майлардың бір түрінің (трансжиры) көптігі.

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

        Азық-түлік калориялығы (құнарлығы) – салмақтың өзгеруіндегі негізгі фактор. Дұрыс үйлестірілген қуатты (энергияны) ала отырып, біз ағзаның алға қойған мақсаты – бұлшықеттерді өсіруді, май қыртыстарын азайтуды, денсаулыққа зиянсыз және салдарс...

          Кофе – әлемдегі ең танымал сусын. ...

         Осының алдында біз сіздерге әлемдегі ең танымалы, әрі сүйікті сусынның бірі кофе туралы және оның пайдасы жайлы айтып кеткенбіз. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.