Барлығына арналған дене белсенділігі

«Nutrition 2025» конференциясында ұсынылған зерттеулердің нәтижелері бойынша кофе ішу әйел адамдардың сау қартаюына ықпал етуі мүмкін екені айтылады.

          ЗЕРТТЕУ

Қатысушылар: орта жастағы 47 513 әйел адамдарға 30 жыл бойы бақылау жүргізілген.

Сау қартаюдың критерийлері:

· Кем дегенде 70 жасқа дейін өмір сүру;

· 11 негізгі созылмалы аурулардың болмауы;

· Күнделікті өмірлік қызметтерін ешкімнің көмегінсіз және қиындықсыз орындай алуы;

· Когнитивті (есте сақтау мен ойлау) және психикалық проблемалардың болмауы;

· Жадтың нашарлауына шағымдардың болмауы.

Нәтиже: күніне орта есеппен 315 мг кофеин (шамамен 3 кішкентай шыны-аяқ кофе) тұтынған әйелдерде, кофе ішпегендерге қарағанда сау қартаю мүмкіндігі 2–5%-ке жоғары болды.

 

          НЕЛІКТЕН КОФЕ ПАЙДАЛЫ?

          Ғалымдар кофеиннің өзі ғана емес, кофенің құрамындағы антиоксиданттық әсері бар полифенолдар сияқты биобелсенді заттар да оң әсер етуі мүмкін дейді. Олар ағзадағы тотығу және қабынуды азайтып, қартаю үдерістерін баяулатуы мүмкін.

 

          НАЗАР АУДАРАТЫН ЖАЙТТАР

· Пайдалы әсерді кофеині бар кофе ғана бере алады. Шай, кофеинсіз кофе немесе тәтті газдалған сусындар мұндай әсер көрсетпейді.

· Бұл бақылау зерттеуі болғандықтан, себеп-салдар байланысын нақты дәлелдемейді.

· Салауатты өмір салтын ұстану: дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, темекі шекпеу сияқты  факторлар да сау қартаюда маңызды рөлді атқарады.

 

          ҚОРЫТЫНДЫ

          Кофеинді кофені қалыпты мөлшерде ішу әйел адамдар үшін денсаулықты ұзақ уақыт бойы сақтауға көмектесетін фактор болуы мүмкін. Бірақ әр адамның жағдайы әртүрлі екенін ескеру керек, сондықтан дәрігермен кеңескен дұрыс.

 

          Дереккөзге сілтеме: Aging and longevity: What role might coffee play?

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

 Коллаген соңғы жылдары тағамдық қоспа және су сабын мен денеге арналған лосьон құрамына енетін қоспа ретінде танымалы болып кетті. ...

 Жаттығу алдында тамақтану жөніндегі барлық қажетті ақпарат ...

Остеопороз - әлсіз, кеуекті сүйектерді тудыратын ауру түрі. Бұл сырқат 50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Сіздермен осы остеопороз туралы таралған аңыздарды жоққа шығарып, фактілермен бөлісетін боламыз. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.