Барлығына арналған дене белсенділігі

        Сіз стретчингтің (созылуға арналған жаттығулар) денсаулыққа, әсіресе қимыл қозғалыс аз адамдар үшін тигізетін пайдасы туралы естіген боларсыз.

Төменде сіздерге назардан тыс қалдыруға болмайтын стретчингтің артықшылығы туралы дәлелденген біршама ақпаратты ұсынамыз.

 

1. Адамдардың көпшілігі түстен кейінгі уақытта жұмыс істеу қабiлеті төмендегенін сезінеді, осындай кезде 2-3 минуттік стретчинг сіздің жұмыс істеу қаблетіңізді қайта қалпына келтіреді! Бұл кезекті бір шыныаяқ кофеге қарағанда анағұрлым жылдамырақ және арзан.

 

2. Кішігірім зерттеудің нәтижесі созылуға арналған жарты сағаттық жаттығу қимыл қозғалыс үйлесімділігі мен тепе-теңдік сезімін жақсартатынын көрсетті.

 

3. Күнделікті созылу жаттығулары бұлшықеттерді нығайтып, қозғалысты жеңілдетеді. Стретчинг жаттығуларын дұрыс орындау өте маңызды.  Кейбір мамандар статикалық созылу жаттығуларынан аулақ болуды ұсынады, олардың айтуы бойынша динамикалық созылу жаттығулары ең дұрысы. Бірақ ол тұжырым дұрыс емес, өйткені олардың қолданатын өз орыны мен уақыты бар. Уақыт өте келе сіз бүкіл денеңізде бұрын-соңды болмаған жеңілдікті сезінесіз.

 

4. Стретчингті спорт түрі ретінде емес, спортпен бірге қолданған жақсы болады. Созылу жаттығуларын машықтануға (тренировка) дейін және кейін жасау пайдалы. Машықтану кезіндегі жалпы дене қыздыру жаттығулары барысындағы динамикалық созылу жаттығулары бұлшықеттер мен буындарды алдағы негізгі жұмысқа дайындап, жарақат алу қаупін төмендетеді. Ал машықтанудың соңында жасалатын статикалық созылу жаттығулары бұлшықеттер мен буындардың қалыпқа келуін жақсартып әрі жылдамдатады.

 

5. Жаттығулар қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектеседі, ал бұл өз кезегінде диабетке шалдыққан адамдарға пайдалы.

 

6. Стретчинг физикалық және эмоциялық тұрғыда демалуға көмектесіп, күйзелісті азайтады.

 

Стретчинг жаттығуларын жасаған кезінде кенет және шапшаң қимылдар жасамаңыз. Кідіріссіз және біркелкі тыныс алу керек.

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

Семіздік – ағзада артық майдың жиналып, салмақтың артуына алып келетін дерт. Көп жағдайда семіздік артық тамақтанып (90% жағдайда), аз энергия жұмсағаннан (аз қозғалысты өмір салты) және зат алмасуының бұзылуынан болады. ...

Остеопороз - әлсіз, кеуекті сүйектерді тудыратын ауру түрі. Бұл сырқат 50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Сіздермен осы остеопороз туралы таралған аңыздарды жоққа шығарып, фактілермен бөлісетін боламыз. ...

Асқазанға ас барғаннан кейін, жатып демалғымыз келетіні анық. Алайда, тамақтан соң таза ауада серуендеудің пайдасы зор. Денсаулық жақсарып, көңіл-күй көтеріледі. Толық ақпарат алу үшін біздің кезекті жариялымға мұқият көңіл бөліңіз! ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.