Тұз - натрий мен хлордан тұратын, яғни адам ағзасына керекті химиялық элементтердің бірі. Тұздар негізінде бірнеше биологиялық функцияларда, соның ішінде адам бойындағы сұйықтық тепе-теңдігін ұстап, жүйке жүйесінде және бұлшық еттің жиырылуында маңызды рөл атқарады.
Жас және жыныс бойынша тұзды күніне тұтыну нормасы
(граммен есептегенде)
Ер адамдарға |
Күніне 2-4 г натрий, яғни бұл 5 г тұзға тең |
Әйел адамдарға |
Тәуелігіне натрийдің ұсынылған стандатты дозасы - кез-келген ересек адамдағыдай, бірақ күніне 2 г кем емес, өйткені жетіспеушілік болмауы аясында дегидратацияға (сусыздануға) ұшырайды, ал лактация кезінде натрийдің созылмалы жетіспеушілігі лактостаз бен маститтің қайталануына әкеледі. |
Балаларға |
Жаңа туылған нәрестелер тұзды ана сүтінен алады, ал 6 айдан 12 айға дейінгі балаларға күнделікті доза 0,3 граммнан аспауы қажет. Ал 14 жастан асқан балаларға күніне 2-3 грамм болуы тиіс, яғни бір қасық тұз қолдануға кеңес беріледі. |
50 жастан кейін |
Тұздың күнделікті нормасы бастапқыда 1,5 граммға дейін төмендеткені дұрыс. |
Ескерту: Ересектер күніне тұзды 5 граммнан аз қолданса, қан қысымын төмендетуге, жүрек ауруына, инсульт және инфаркт қаупін азайтуға көмектеседі.
Тұздың түрлері
Тазартылған тұз (қарапайым ас тұзы) - барлығымызға белгілі, күнделікті өмірде қолданып жүрген қатты ұнтақталған, қоспалар мен микроэлементтердің көп бөлігі алып тасталынған тұздар қатары.
Теңіз тұзы - аз тұзы сияқты, натрий хлорид. Алайда, өңдеу әдісіне байланысты оның құрамында калий, темір, мырыш сияқты әр түрлі микроэлементтер бар.
Гималай тұзы (қызыл тұз) - темір оксидінің іздері жиі кездеседі, яғни қызыл түс беріп тұрады. Түсіне қарамастан, күнделікті ас тұзына қарағанда құрамындағы натрий төмендеу.
Йодталған тұз - құрамында йодтың белгілі бір мөлшері бар тұздар.
Пайдасы:
· Тұмау (ОРВИ), гайморит, созылмалы ринит. Мұрынды, тамақты тұзды сумен шаю тыныс алуды жеңілдетеді және мұрын қуысындағы артық ылғалды алып тастайды, осылайша ісінуді жояды. Сонымен қатар ингаляция ретінде пайдалануға болады.
· Стресстен арылуға. Ваннаға тұзды қосып қабылдаса, стресске қарсы әсерін арттырады.
· Тері аурулары. Есекжем, нейродермит және безеу секілді тері ауруларында емдеуге болады. Өйткені, тұзды су теріні сәл құрғатып, қабынуды жояды және терінің қалыпқа келуін жеңілдетеді.
· Тіс және қызыл иек аурулары. Тұзды су қызыл иектің қабынуын басады және тіс эмалін қатайтады.
· Диарея (іш өту). Іш өткен кезде ағзада су-тұз теңгерімі бұзылады, оны қалпына келтіріп, ағзаны сусызданудан сақтау үшін суға тұз қосып ішу қажет.
Зияны:
· Тұзды көп мөлшерде тұтынғанда ағзадағы сұйықтықтың шығуы қиындайды. Соның салдарынан ісіну пайда болып, натрий хлоридінің қалдықтары жинала береді.
· Қан қысымын көтереді. Ауру асқынған жағдайда, адам инсульт алуы мүмкін.
·Тұзды көп мөлшерде қолдану бауыр, бүйрек, жүрек ауруларына әкеліп соғады.
· Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі артады, қауіп тобына қатерлі ісік, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары кіреді.
Тұз мөлшерін азайтудың әдістері:
-Тамақты қатты қуырмаңыз, сол кезде азық-түліктегі тұздың дәмі жақсы сақталады.
- Дастархандағы тұзды көкөніс пен дәмдеуіштер қоспасына ауыстырыңыз;
- Тамақты үйде дайындап ішуге тырысыңыз. Мамандардың айтуынша, мейрамхана тағамдарында тұз мөлшері көбірек болады.
- Өнімнің сапасына және құрамына мән беріңіз. Құрамы жазылған тізімнің басында тұрған ингредиенттердің мөлшері көп дегенді білдіреді. Сондықтан, тұздың соңғы жағында болуын және мөлшерін тексеріңіз.
- Кетчуп, қыша, ащы дәм қосарлардан бас тартыңыз. Маринадталған қиярды да көп жемеген жөн. Егер оны қатты ұнатсаңыз, құтыдағы қиярдың суын төгіп, маринадталған қиярларды салқын сумен бір шайып алыңыз;
- Тамақты қосымша тұздаудың қажеті жоқ. Тамақ пісіру кезінде қосқан тұзыңыз жеткілікті.
- Тұзды өлшеуіш қасықпен салыңыз. Сол кезде қандай мөлшерде қолданып жатқаныңызды біліп отырасыз және азайтуға мүмкіндік болады.
Тұзға шектеу қойғаннан кейін, 1 айдан соң тамақтың шын дәмін сезіне бастайсыз. Дәм сезу рецепторлары қалпына келіп, тұзға деген қажеттілік өз-өзінен азаяды.
Ас тұзын немесе кез-келген тұзды қолданар алдында ағзаңызға пайдасы да, зияныда бар екенін түсіну қажет. Мөлшерінен асырмаңыз!