Физическая активность для всех

          Тұз - натрий мен хлордан тұратын, яғни адам ағзасына керекті химиялық элементтердің бірі. Тұздар негізінде бірнеше биологиялық функцияларда, соның ішінде адам бойындағы сұйықтық тепе-теңдігін ұстап, жүйке жүйесінде және бұлшық еттің жиырылуында маңызды рөл атқарады.

Жас және жыныс бойынша тұзды күніне тұтыну нормасы

 (граммен есептегенде)

   

Ер адамдарға

Күніне 2-4 г натрий, яғни бұл 5 г тұзға тең

Әйел адамдарға

Тәуелігіне натрийдің ұсынылған стандатты дозасы - кез-келген ересек адамдағыдай, бірақ күніне 2 г кем емес, өйткені жетіспеушілік болмауы аясында дегидратацияға (сусыздануға) ұшырайды, ал лактация кезінде натрийдің созылмалы жетіспеушілігі лактостаз бен маститтің қайталануына әкеледі.

Балаларға

Жаңа туылған нәрестелер тұзды ана сүтінен алады, ал 6 айдан 12 айға дейінгі балаларға күнделікті доза 0,3 граммнан аспауы қажет. Ал 14 жастан асқан балаларға күніне 2-3 грамм болуы тиіс, яғни бір қасық тұз қолдануға кеңес беріледі.

50 жастан кейін

Тұздың күнделікті нормасы бастапқыда 1,5 граммға дейін төмендеткені дұрыс.

 

Ескерту: Ересектер күніне тұзды 5 граммнан аз қолданса, қан қысымын төмендетуге, жүрек ауруына, инсульт және инфаркт қаупін азайтуға көмектеседі.

Тұздың түрлері

Тазартылған тұз (қарапайым ас тұзы) - барлығымызға белгілі, күнделікті өмірде қолданып жүрген қатты ұнтақталған, қоспалар мен микроэлементтердің көп бөлігі алып тасталынған тұздар қатары.

Теңіз тұзы - аз тұзы сияқты, натрий хлорид. Алайда, өңдеу әдісіне байланысты оның құрамында калий, темір, мырыш сияқты әр түрлі микроэлементтер бар.

Гималай тұзы (қызыл тұз) - темір оксидінің іздері жиі кездеседі, яғни қызыл түс беріп тұрады. Түсіне қарамастан, күнделікті ас тұзына қарағанда құрамындағы натрий төмендеу.

Йодталған тұз - құрамында йодтың белгілі бір мөлшері бар тұздар.

 

Пайдасы:  

· Тұмау (ОРВИ), гайморит, созылмалы ринит. Мұрынды, тамақты тұзды сумен шаю тыныс алуды жеңілдетеді және мұрын қуысындағы артық ылғалды алып тастайды, осылайша ісінуді жояды. Сонымен қатар ингаляция ретінде пайдалануға болады.

· Стресстен арылуға. Ваннаға тұзды қосып қабылдаса, стресске қарсы әсерін арттырады.

·Тері аурулары. Есекжем, нейродермит және безеу секілді тері ауруларында емдеуге болады. Өйткені, тұзды су теріні сәл құрғатып, қабынуды жояды және терінің қалыпқа келуін жеңілдетеді.

· Тіс және қызыл иек аурулары. Тұзды су қызыл иектің қабынуын басады және тіс эмалін қатайтады.

· Диарея (іш өту). Іш өткен кезде ағзада су-тұз теңгерімі бұзылады, оны қалпына келтіріп, ағзаны сусызданудан сақтау үшін суға тұз қосып ішу қажет. 

 

Зияны:

· Тұзды көп мөлшерде тұтынғанда  ағзадағы сұйықтықтың шығуы қиындайды. Соның салдарынан ісіну пайда болып, натрий хлоридінің қалдықтары жинала береді.

· Қан қысымын көтереді. Ауру асқынған жағдайда, адам инсульт алуы мүмкін.

· Тұзды көп мөлшерде қолдану бауыр, бүйрек, жүрек ауруларына әкеліп соғады.

· Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі артады, қауіп тобына қатерлі ісік, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары кіреді.

 

Тұз мөлшерін азайтудың әдістері:

 - Тамақты қатты қуырмаңыз, сол кезде азық-түліктегі тұздың дәмі жақсы сақталады.

 -  Дастархандағы тұзды көкөніс пен дәмдеуіштер қоспасына ауыстырыңыз;

 - Тамақты үйде дайындап ішуге тырысыңыз. Мамандардың айтуынша, мейрамхана тағамдарында тұз мөлшері көбірек болады.

- Өнімнің сапасына және құрамына мән беріңіз. Құрамы жазылған тізімнің басында тұрған ингредиенттердің мөлшері көп дегенді білдіреді. Сондықтан, тұздың соңғы жағында болуын және мөлшерін тексеріңіз.

- Кетчуп, қыша, ащы дәм қосарлардан бас тартыңыз. Маринадталған қиярды да көп жемеген жөн. Егер оны қатты ұнатсаңыз, құтыдағы қиярдың суын төгіп, маринадталған қиярларды салқын сумен бір шайып алыңыз;

- Тамақты қосымша тұздаудың қажеті жоқ. Тамақ пісіру кезінде қосқан тұзыңыз жеткілікті.

- Тұзды өлшеуіш қасықпен салыңыз. Сол кезде қандай мөлшерде қолданып жатқаныңызды біліп отырасыз және азайтуға мүмкіндік болады.

 

Тұзға шектеу қойғаннан кейін, 1 айдан соң тамақтың шын дәмін сезіне бастайсыз. Дәм сезу рецепторлары қалпына келіп, тұзға деген қажеттілік өз-өзінен азаяды.

  

         Ас тұзын немесе кез-келген тұзды қолданар алдында ағзаңызға пайдасы да, зияныда бар екенін түсіну қажет. Мөлшерінен асырмаңыз!

 

 

 

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Похожие статьи

Сердце - важный орган в организме человека, выполняющий основную работу. Поэтому необходимо обратить особое внимание на его здоровье. Чтобы сердце вас не беспокоило, прислушайтесь к следующим советам: ...

        Қазіргі уақытта көптеген адамдарда әлеуметтік желілерге деген тәуелділік пайда болды. Қолданбаларды (қосымшалар) күніне бірнеше рет ашып айналдырып шықпаса біртүрлі бір қажетті жаңалықтар мен мүмкіндіктерді жіберіп алатындай көрінеді. ...

         Варикоз -  аяқтағы қан тамырларының түйінделіп кеңеюі. ...

Заниматься спортом теперь стало легче!
При помощи нашей базы данных, вы сможете быстро найти удобное место - от парков до игровых площадок, для физической активности и спорта.