Физическая активность для всех

        Көп отыру салдарынан және жас келе  біз иілгіштік қасиетімізді жоғалтамыз.

Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл-қуатына сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш-қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал.

Ибн Сина

      “Отырма” аурудың салдарынан біз буындарымыздың қозғалғыштығының үштен бірін жоғалтатынымыз дәлелденген. Бұл өз кезегінде адамдардың дене белсенділігін төмендетеді және жүректің әлсіреуіне әкеледі.

Бір қызығы, біз трек қимыл мүшелерін жиі қолданған сайын ол соғұрлым ұзақ қызмет етеді. Ал, машиналарда керісінше, кезкелген жұмыс оны тоздырады. Қозғалыстың әсерінен бұлшықеттер, буындар, сүйектер мықты болып, жаңа жүктемелерге тез бейімделеді және жарақаттарды тез жазады.

Егерде сіз күні бойы  - жұмыс немесе ас ішетін столдың басында, машинада, теледидардың алдында отырсаңыз, онда 60 жаста қалыпты қозғалыс ауқымының (диапазон) 75%-нан айырыласыз. Бұл өзі бір шырғалаң шеңбер сияқты, қимылдау қиындаған сайын, сіз қозғалысты азайтасыз нәтижесінде селсоқтық артады және қимыл қиындай түседі.

Сондықтан, қимыл-қозғалыс аз болған сайын, созылу жаттығуларын жасау маңызды болады.

Созылу жаттығулары иілгіштікті арттырып қана қоймай, дене белсенділігі мен қимылдарыңыздан ләззат алуға мүмкіндік береді.

Бәрі мәселе мынада, бұлшықеттер созылу рецепторларымен жабдықталған, олар миға дененің қаншалықты тырысып тұрғаны туралы ылғи да сигнал  жіберіп тұрады. Егер бұлшықеттер барынша созылмаса, яғни босаңсымаса ми автоматты түрде сіз үнемі күйзелісте (стресс) деп ойлайды. Ал, созылу жаттығулары болса миға ол олай емес екеніне сендіріп, қан тамырлары мен жүрекке зиян келтіретін күйзеліс реакцияларын “сөндіріп” тастайды.

Жас келе тері  жұқарып құрғай бастайды. Бұлшықеттерде сумен бірге созылмалығы жоғалып қысқарады. Бұл қан тамырларының қысылуына әкеледі, осының салдарынан бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз ету қиындайды. Яғни қажетті қоректік заттар бұлшықеттердің талшықтарына жеткізілмейді және зат алмасу процесі қалдықтарынан тазартылмайды деген сөз. Ал, зат алмасу процесі қалдықтарының жиналуы бұлшықеттерде тығыз ізбестенген түйіндерінің пайда болуына әкеледі, сондықтан біз өзімізді дат басқан робот сияқты сезінеміз. Сонымен қатар бүкшиген қалып қалыптасады. Бұл өз кезегінде бұлшықет теңгерімінің дұрыс болмауы (дисбаланс), бастың ауыруы, арқаның құрысуы және омыртқа аралық диск жарығы сияқты көптеген проблемалар туындатады.

Бұлшықеттерді табиғи ұзындығына барынша біртіндеп созу арқылы тамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартасыз және тіндерге қажетті қоректік заттарды жеткізу мен зат алмасу процесі қалдықтарынан тазаруын қамтамасыз етесіз.

Сонымен бірге буын сұйықтығы көбірек бөлінеді, ал буын сұйықтығы үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді.

Созылғыш бұлшықеттер, буындар мен сіңірлер дене мүсінін жақсартуға  және небір қиын әрі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді.

“Отырма ауру” қаншалықты асқынған болса да созылу жаттығулары қозғалғыштықты қалпына келтіреді. Ол үшін күнделікті бірнеше минуттық қарапайым созылу жаттығулары жеткілікті. Және де бұл жаттығуларға арнайы уақыт бөлу міндетті емес, оларды жұмыс арасында да істеуге болады. Мәселе қандай жаттығулар таңдайтыныңыз да емес, бастысы байқап жаймен созылу керек. Созылудың соңғы нүктесінде 10-15 секундтай кідіру қажет, сонда ғана бұлшықеттер мен буындарға тигізетін пайдасына кепілдік беруге болады. Төменде созылу жаттығуларының екі нұсқасы берілген (1-қосымша, 2-қосымша).

 

Жұмажан Имаяқов

 

 

1-қосымша

  СОЗЫЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

 1-нұсқа

 (жобамен 6 минут қажет)

8-10 рет арқада жатып артқа алдыға аунау

Уақыт тапшы болған жағдайда 1,2,3,6,7, 11, 15, 16 жаттығуларды ғана жасауға болады. (жобамен 3 минут қажет)

 

 

2-қосымша

   СОЗЫЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

 2-нұсқа

 (жобамен 6 минут қажет)

 

Уақыт тапшы болған жағдайда 1,2,3,6,7, 13, 14, 16 жаттығуларды ғана жасауға болады. (жобамен 3 минут қажет)

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Похожие статьи

          Тұз - натрий мен хлордан тұратын, яғни адам ағзасына керекті химиялық элементтердің бірі. Тұздар негізінде бірнеше биологиялық функцияларда, соның ішінде адам бойындағы сұйықтық тепе-теңдігін ұстап, жүйке жүйесінде және бұлшық еттің жиырылу...

          Высыпание очень важно для здоровья. И в этом нам могут помочь некоторые продукты и напитки, так как они содержат или способствуют выработке гормонов и химических веществ мозга (мелатонин и серотонин), регулирующих сон. ...

           Любая тренировка должна включать в себя разминку и заминку. ...

Заниматься спортом теперь стало легче!
При помощи нашей базы данных, вы сможете быстро найти удобное место - от парков до игровых площадок, для физической активности и спорта.