Барлығына арналған дене белсенділігі

     Өткен мақалалардың бірінде елімізде жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша отандастарымыздың дене шынықтырумен жүйелі айналысуына не кедергі болатынын айтқан болатынбыз.

       БІЗДІҢ ХАЛЫҚТЫҢ ОЙЫ ҚАНДАЙ?

     Сол әлеуметтік зерттеудің бір бөлігінде қатысушылардан, денсаулық жағдайына әсер ететін факторларды көрсету сұралды.

        САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

            Әрине, жоғарыда аталған жауаптардың барлығы дұрыс және олардың әрқайсысының денсаулыққа әсері бар. Егер сіз әртүрлі адамдардан «Салауатты өмір салты» не деп сұрасаңыз, сіз әртүрлі жауаптар аласыз. Себебі, сау болудың жалғыз жолы жоқ. Салауатты өмір салтын ұстану жәй ғана сізді бақытты ететін және өзіңізді жақсы сезінуге көмектесетін нәрселермен айналысуды білдіреді.

          Бір адам үшін бұл аптасына бес рет екі шақырым жаяу жүруді, фаст-фудтан бас тартуды және жақын адамдарыңызбен уақыт өткізуді білдіруі мүмкін. Кейбіреулер үшін салауатты өмір салты - жаттығулар мен жылына екі марафон жүгіру, кето диетасын ұстану және алкогольден бас тарту болуы мүмкін. Екі нұсқа да кез-келген адамға жақсы өмір сүруіне септігін тигізіп қолайлы болуы мүмкін.

          Біздің салауатты өмір салтымыз қандай болатынын өзіміз шешеміз.

 

         ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ!

            Бір күнде өміріңізді өзгертудің қажеті жоқ. Салауатты өмір сүру керек деп өзіңізге қажетсіз немесе ұнамайтын, қаламайтын нәрсемен айналысуға міндетті емессіз. Салауатты өмір сүру үшін не істеу керек немесе істемеу керек деген қағидадан арылыңыз. Сізге өзіңізді жақсы сезім мен көңіл көншітетін (жұбаныш сыйлайтын) нәрсені анықтап барып, шағын өзгерістерден бастаңыз.

         БАСТАУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

            Өзіңіз қол жеткізетініңізге сенімді шағын өзгерістерден бастаңыз. «Саналы» мақсат қоюды қарастырыңыз, яғни ол келесі талаптарға сай болуы керек:

·       Нақты немесе өлшелмелі

·       Қол жетемді

·       Қолайлы

·       Уақытпен шектелген (белгілі бір мерзім мен уақыт ішінде орындалатын).

          Мақсатты анықтап алу сізге жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Ал, алғашқы кішігірім "жеңіс" сізді жаңа үлкен мақсаттар қоюға итермелейді.

       КЕЛЕСІ КЕҢЕСТЕРГЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ,
ОЛАР СІЗДІҢ ЖАЛПЫ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ НАҒАЙТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ.

 

1. КӨКӨНІСТЕР МЕН ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕРДІ КӨБІРЕК ЖЕҢІЗ

          2010 жылы жүргізілген зерттеулер талдауы көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек жеу жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт, қатерлі ісік және мезгілсіз өлім қаупінің төмендеуімен байланысты екенін көрсетеді.

          Сонымен, көкөністер мен жеміс-жидектерді бірден нөл порциядан тоғыз порцияға дейін тұтынудың қажеті жоқ. Алғашқыда сіздің мақсатыңыз кешкі аста көкөністің бір порциясын жеу дейік. Егер сіз оны күнделікті орындап жүрген болсаңыз, енді әр тамақтану кезінде бір порция көкөніс немесе жеміс-жидек жеуді қарастырыңыз.

Аз өңделген көкөністер денсаулыққа пайдалы екенін есте сақтаңыз. Фри картоптың орнына көк қосып қуырылған немесе әртүрлі көкөністер қосып қуырылған картопты жеңіз.

 

2.  БЕЛСЕНДІ БОЛЫҢЫЗ

      Егер «жаттығу» немесе «шынығу» сөздері сізді қорқытса, бұл қадамды дене белсенділігі немесе жәй ғана денеңізді қозғалту деп ойлаңыз.
      Деніңіз сау болу үшін өзіңізді міндеттеп үнемі марафонға қатысудың немесе  жүгірудің   қажеті жоқ. Жаяу жүруге, велосипед тебуге, биге қатысуға болады. Ең бастысы, өзіңізге ұнайтын әрекетті таңдау. Егер сіз өзіңізді қызықтыратын әрекетті таңдасаңыз, онымен айналысу мүмкіндігіңіз артады.
      Ұзақ жаттығудан бастаудың қажеті жоқ. Алғашқыда күніне 10 минуттан, аптасына 5 күн жаттықсаңызда жеткілікті. Өзіңізді дайын сезінген кезде тағы 5-10 минут қосыңыз. 
      Белсенділігіңізді аптаның көп күндерінде күніне 30 минутқа жеткізіңіз.

3.  ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ САҚТАҢЫЗ 

       Достарыңызбен және жақын адамдарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болуда психикалық денсаулыққа жақсы әсер етеді.
       Адамдармен дұрыс араласпайтын, достарымен қарым-қатынасы нашар адамдарда, қарым-қатынасы жақсы адамдарға қарағанда депрессия  қауіпі екі есе жоғары болады. Қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік желі арқылы да қысым көріп жүргендер қаншама. 

           

4.  СТРЕССТІ БАҚЫЛАҢЫЗ

     Созылмалы стресс сіздің ағзаңызға күш түсіреді, ал ол өз кезегінде сіздің иммунитетіңізді әлсіретіп аурушаң қылады.
     Дене жаттығулары жинақталған энергияны шығарып, стрессті азайтуға көмектеседі. Дене белсенділігі сонымен қатар эндорфиндер деп аталатын  көңіл-күйді көтеретін гормонның бөлінуін белсендендіруі мүмкін.
     Медитация, терең тыныс алу, күнделік жазу сияқты зейінді дамыту жаттығулары немесе табиғатта уақыт өткізу стрессті азайтуға көмектеседі.

          Әр адам «сау» адамның сыртқы түрі мен сезімін өзі анықтайды.       

Бұл сізді бақытты етпейтін нәрсені істеудің қажеті жоқ дегенді білдіреді.

          Егер сіз дене жаттығуларын ұнатпасаңыз, онда денеңізді қалай қозғалтатыныңызды ойлаңыз. Сол сияқты қырыққабатты жек көрсеңіз, оны жеудің қажеті жоқ.

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

         Еліміздің әртүрлі аймақтарында қандай би түрлері таңдалады? Арбамен билеу. Барлығы қалай басталды? осы және басқа да сұрақтарға ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, "Заманауи және спорттық би федерациясы" РҚБ Президенті Әлия Түсіпбековамен  ө...

        Сіз стретчингтің (созылуға арналған жаттығулар) денсаулыққа, әсіресе қимыл қозғалыс аз адамдар үшін тигізетін пайдасы туралы естіген боларсыз. ...

        Өткен жолы біз «отырма аурудың» шипасы туралы сөз қозғағанбыз және келесі жарияланымдарда онымен күресудің әртүрлі тәсілдері туралы айтуға уәде бердік. Міне сол уәде бойынша бүгін жаяу жүрудің пайдасы туралы жан-жақты әңгімелеп беремін. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.