Барлығына арналған дене белсенділігі

         Ызғарлы... аязды күндер басталды, сіз спортпен шұғылдануды жалғастырудың орнына жылы көрпе жамылып «қысқы ұйқыға» кетуге бел будыңыз ба!?

Қыс...жел, аяз, көктайғақ... Иә, қыста спортпен айналыспақ түгілі, тіпті далаға шыққың келмейді.

Салқын күндер – жаттығуды тоқтатуға себеп болмауы керек!

Көптеген адамдар үшін қыс мезгіліндегі дене шынықтыру жаттығулары тек үйде жасайтын таңертеңгілік сергіту жаттығуларымен немесе фитнес орталығының жылы бөлмелеріндегі жаттығулармен шектелуі керек деп санайды. Бірақ бұл олай емес.

Таза ауадағы орташа қарқынды дене жүктемесі жылдың кез-келген мезгілінде денсаулық үшін пайдалы! Таңдаған қысқы спорт түрлерінің қайсысы болса да, таза ауада жаттығатындықтан ағзаның қорғаныс жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Сондықтан, көрпенің астынан шығыңыз, ағзаны сауықтыру үшін АЛҒА!

Әрине, ауа температурасы төмен болған жағдайда, салқын тию қаупін болдырмау үшін жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру қажет.

Қыста спортпен шұғылдануды қалай ұйымдастырған дұрыс?

Біріншіден, киім ауа райына сәйкес болуы керек.

Екіншіден, жеке жаттығу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау керек.

Үшіншіден, дене қыздыру ширату жаттығуларын міндетті түрде жасау қажет.

Сонымен, біз сізге көптеген жағымды эмоциялар беріп қана қоймай, денсаулықты нығайтатын бірнеше спорт түрін ұсынамыз.

 

Шаңғы. Шаңғы тебу – кардио жүктемелерінің бір түрі. Мұндай жаттығулар кезінде төзімділік артады, жүрек-қантамырлары мен тыныс алу жүйесінің және тірек- қимыл аппаратының жұмысы жақсарады. Дәрігерлердің айтуынша, қыста аптасына 2-3 рет бір сағаттық (3-5 шақырымдық) серуендеуді ұйымдастыру жеткілікті.

Сноубординг. Жыл өткен сайын сноуборд танымал спорт түріне айналуда. Сноуборд тебу кезінде денеңіздің барлық бұлшықеттері іске қосылады.

Жүктеменің басым бөлігі аяқ пен іштің бұлшықеттеріне түседі. Сондай-ақ, сноубординг психикалық денсаулық үшін таптырмайтын көптеген «күшті» және жағымды әсерлерді береді. Сноубордқа аптасына кем дегенде 1-2 рет тұрып, ең азы деген де бір сағаттай тебу керек.

Коньки. Коньки тебу арқылы сіз дене тепе-теңдігі мен қимыл қозғалыс үйлесімін жақсарта аласыз. Мұз айдынына үнемі бару жалпы тонусыңызды жақсартады және иммунитетіңізді нығайтады. Денсаулықты нығайту үшін аптасына 2-3 рет бір сағат коньки тебу жеткілікті.

Хоккей. Қыс бойы хоккей ойнау футболды жақсы көретіндер үшін тамаша балама бола алады. Ол шыдамдылық, қайсарлық және ептілік сияқты қасиеттерді дамыта отырып, мінез қалыптастыратын командалық спорт түрі. Ойын барысында қысқа үзілістер жасай отырып, аптасына 1-2 рет бір сағат ойнауға болады.

Серуендеңіз. Жазда ғана емес, қыста да серуендеу қажет. Ауа температурасының төмендігі сізге кедергі болмауы керек! Жылы киініп, өзіңізге ыңғайлы уақытта серуенге шығыңыз. Серуендеу жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесіне өте пайдалы, әрі жарақат алу қауіпі төмен дене белсенділігі. Күніне 20-30 минут серуендеп қайтсаңыз жеткілікті.

Қар лақтырып ойнап, шанамен сырғанаңыз. Мұндай белсенділік түріне қатысып, көңіл көтеру үшін бала болу міндетті емес. Қар лақтырып ойнаған кезде дененің барлық бұлшықеттері (лақтырған,  қуып немесе қашып жүгірген кезде), жұмыс істейді. Шанамен сырғанау ағзаға біршама жүктеме түсіреді, өйткені төбешіктен сырғанап түскеннен кейін,  қайта жоғары көтерілу қажет. Осылай он кем дегенде оншақты рет көтерілген сіздің денсаулығыңыз үшін өте пайдалы.

 

Денсаулығыңызды нығайтыңыз, жағымды әсерлерден қуат алыңыз.

Жылдың кез келген мезгілінде дене шынықтыру немесе спортпен айналысып, әрқашан белсенді болыңыз!

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

Асқазанға ас барғаннан кейін, жатып демалғымыз келетіні анық. Алайда, тамақтан соң таза ауада серуендеудің пайдасы зор. Денсаулық жақсарып, көңіл-күй көтеріледі. Толық ақпарат алу үшін біздің кезекті жариялымға мұқият көңіл бөліңіз! ...

        Сіз стретчингтің (созылуға арналған жаттығулар) денсаулыққа, әсіресе қимыл қозғалыс аз адамдар үшін тигізетін пайдасы туралы естіген боларсыз. ...

        Біздің сергектігіміз ұйқы сапасына байланысты болады, яғни біздің денеміз түнде қалай демалса, күндіз солай қызмет атқарады. Дұрыс ұйқы мен ұйықтар алдындағы тамақтану туралы бір-екі ауыз сөз... Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұста...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.