Барлығына арналған дене белсенділігі

Отырып тұру - көптеген буындар мен бұлшықеттердің  бірлесіп жұмыс істеуіен қажет ететін негізгі қозғалыстың бір түрі. Көптеген адамдар отырып тұру кезінде жамбас, бөксе және аяқ бұлшықеттері ғана жұмыс істейді деп ойлайды, бірақ бұл жаттығуды дұрыс орындау үшін дененің барлық бұлшықеттерін пайдалану керек. Бұл бұлшықеттер бізге жаяу жүру, баспалдақпен көтерілу, еңкею немесе ауыр заттарды тасмалдау сияқты күнделікті жұмыстарды атқаруда көмектеседі.

Сіздерге ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ АНЫҚТАУ ТЕСТІНЕН өтуді ұсынамыз

1. Орындық арқасын қабырғаға қаратып қойыңыз.

2. 5-10 минут бойы денені қыздыру жаттығуларын жасау қажет.

3. Арқаңызды орындыққа беріп тұрыңыз, бөксеңіз орындыққа тигенще отырып, сосын қайти тұрыңыз (жаттығуды бір-екі рет қайталаңыз).

4. Уақыт өте келе отырып тұру санын арттырыңыз.

 

Ерлер

 

Әйелдер

 

Бағаңыз төмен болса ұайымдамаңыз, болашақта нәтижеңізді жақсартуға тырысыңыз. Бұл кесте бағдар  үшін берілген.

ОТЫРЫП ТҰРУДЫ ӨЗ ДЕНЕ  БЕЛСЕНДІЛІГІҢІЗГЕ ҚОСУ қажеттілігінің БІРНЕШЕ СЕБЕПТЕРІ 

1. МЫҚТЫ ДЕНЕ ТҰРҚЫ

Дене тұрқын мықты қылу арқылы бел ауруы мен жарақат алу қаупін азайтасыз.

2. БҰЛШЫҚЕТ МАССАСЫН ӨСіРУ

Отырып тұру іш пен жамбас бұлшықеттерін дамытады.

3. СПОРТТЫҚ НӘТИЖЕЛЕР

Мықты дене тұрқы дұрыс дене мүсіні мен тұрақтылықты және жақсы дене пішінін қамтамасыз етеді. Бұл спорттың кез келген түрінде немесе дене белсенділігі кезінде жоғары деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

4. ТЕПЕ-ТЕҢДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Мықты дене тұрқы күнделікті және спорттық жаттығулар кезінде денеңіздің тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.

5. ИІЛГІШТІК

Отырып тұру қозғалғыштықты арттырады, сан мен арқадағы қырыс-тырысты азайтады және илгіштікті жетілдіреді. Иілгіштік қан айналымын жақсартады және энергияны арттырады.

6. ДЕНЕ МҮСІНІ

Мықты дене тұрқы жамбас, омыртқа мен иықты дұрыс ұстауға және дене мүсінін жақсартуға көмектеседі. Дене мүсінінің артықшылықтарына мыналар жатады: ауырсыну мен құрыс-тырыстың азаюы, энергия деңгейінің жоғарылауы мен тыныс алудың жақсаруы.

7. БЕЛ АУРУЫ МЕН ЖАРАҚАТ АЛУ ҚАУПІ

Отырып тұру сонымен қатар бел, сан және жамбас бұлшықеттерін нығайта отырып, жауырын,бел ауыруы мен жарақат алуды азайтады.

8. ДИАФРАГМА

Отырып тұру – диафрагмалық тыныс алуды үйренудің тамаша тәсілі. Отырып тұру іштің қысылуын тудырады, бұл диафрагмаға оң әсер етеді. Күшті диафрагма сіздің тыныс алуыңызды жақсарта алады.

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

       Бұл алдындағы “Отырма аурудың” шипасы деп басталған жарияланымның төртінші бөлімі. (Алғашқы үш бөлімнің жарияланымдары «Барлығы» категориясының «Өзекті мақалаларында» көрсетілген). ...

         Біздің ағзамыз 60 пайыз судан тұрады. ...

Дұрыс тамақтануды кей жандар тек артық салмақтан арылу үшін  қажет деп ойлайды, алайда оның денсаулыққа пайдасы да жоғары. Біздің ұсынып отырған 16/8 аралық ашығу схемасына дұрыстап көңіл бөлсеңіз, өзіңіздің де оған көзіңіз жетеді! ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.