Ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін 3 қоректік зат қажет, олар: ақуыз, май және көмірсу. Ағзадағы зат алмасу процессі баяуламас үшін, осы 3 қоректік заттың мөлшері бірдей болуы қажет.
Ал бұл заттардың пайдасы қандай? Осы сұраққа жауап беру мақсатында, олардың әр тобына кезек-кезек тоқталайық:
Ақуыз – амин қышқылдарынан тұратын күрделі зат. Жалпы адам бұлшық еті мен тіндерінің өсуі бұл затсыз мүмкін емес.
Ақуыздың өзі 2 топқа бөлінеді:
Жануар – яғни жануарлар өнімдерінен алынады. Аталмыш санатқа ет, құс, балық, сүт, ірімшік және жұмыртқа жатады.
Өсімдік – ағзаға өсімдіктерден түсетін зат. Бұл топтың құрамына қара бидай, сұлы, грек жаңғақтары, жасымық, үрме бұршақ, соя және балдырлар енеді.
Ақуыздың негізгі функциялары:
- Зат алмасуға қатысады және тағамды молекулаларға бөлуге көмектеседі.
- Жасушаларға пішін береді, жасушааралық зат пен тіндердің негізі ретінде әрекет етеді.
- Дененің қорғаныс қызметін арттырады, атап айтқанда вирустардың қабынуы мен шабуылына тосқауыл жасайды.
- Жасушалардағы және қандағы заттардың мөлшеріне, олардың көбейіп, өсуіне әсер етеді. Мысалы үшін, глюкозаны реттейтін инсулинге ықпалы бар.
- Көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге өткізеді, сонымен қатар оттегін өкпеден басқа да тіндерге тасымалдайды.
- Бұлшықеттің жиырылуын қамтамасыз етеді.
Майлар – тірі жасушалардың негізгі компонентерінің бірі.
Олар қуат тепе-теңдігін сақтау сияқты, дәрумендер мен минералдардың кейбір топтарын сіңіру үшін де ағзаға соншалықты қажет. Майлар тіндерді құрушы, қоректік заттарды тасымалдаушы және қуат қоры болып табылады.
Майлар да екі үлкен топқа бөлінеді:
Жануарлар майы – жануар өнімдерінен алынатын зат. Олардың құрамында холестериннің пайызы жоғары болады, әрі баяу сіңеді.
Өсімдіктер майы – тек өсімдіктерден келетін зат. Оның көптеген түрлері бар: дәнді дақылдар мен тұқымдар, авокадо және зәйтүн майлары. Мұндай майлар жануарлар майына қарағанда оңай сіңеді, бірақ оларды толығымен алмастыра алмайды.
Майлардың негізгі функциялары:
- Майлар тек көмірсулармен ақуыздардың көмегімен қол жеткізе алмайтын, үлкен қуат қорын береді. Ал қуаттың жетіспеушілігі жоғары болса, бұлшықеттер мен тіндердің өсуі мен қызметі баяулайды.
- Дәрумендерді майсыз сіңіру мүмкін емес. А, С, Е және К сияқты органикалық заттардың сіңуі тек майдың арқасында жүзеге асады.
- Майлар тәбетті төмендетуге көмектеседі, сондықтан кез-келген диета ұстаған уақытта тәбетті бақылап, ішкі ағза мүшелерінің жұмыс істеуіне көмек көрсету үшін аз мөлшерде май болу керек.
- Май – бұл қатып қалмауға көмектесетін оқшауланудың жеке жүйесі. Ол сүйектерді соққылардан қорғайды.
- Май тағамның құрылымы мен дәмін қамтамасыз етеді, сондықтан қуырылған және майлы тағам әрқашан дәмді болып келеді.
- Жануарлар мен өсімдіктерден келетін заттар талшықтардың оқшаулануын қамтамасыз етеді және мидан келетін жүйке импульстарының өтуіне ықпал жасайды. Сонымен қатар, олар ағзаның қозғалыс функциясын ынталандыра түседі.
- Майлар ағзадағы қоректік компоненттерді тасымалдауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ағзадағы қажетті элементтердің құрылысына қатысады. Олардың көмегімен қорғаныс функциялары да сақталады.
Көмірсулар – ағза үшін құрылыс, қуат және қорғаныс қызметтерін атқаратын органикалық заттар. Олар барлық жемістер мен көкөністерде, сондай-ақ дәнді дақылдарда кездеседі.
Көмірсулардың қарапайым және күрделі түрлері бар:
Күрделі түрі тұрақты тұтынуға кеңес берілетін және ағзаға ұзақ уақыт қуат беретін пайдалы санатқа жатады. Күрделі көмірсуларды дәнді дақылдардан, көкөністерден және қантсыз жемістерден табуға болады.
Қарапайым түрі керісінше, оңай сіңіп, ағзада глюкозаның күрт көтерілуіне әкеледі. Яғни, ол қант мөлшерінің артуына, шамадан тыс қуаттануға және артық майдың пайда болуынаәсер етеді, ал бұл өз кезегінде артық салмақтың негізі болмақ. Қарапайым көмірсулар тәттілерде, ұн өнімдерінде, тәтті және кептірілген жемістерде кездеседі. Егер Сіз дұрыс тамақтануға ауысқыңыз келсе, онда өзіңізді сұлы, қарақұмық, арпа, інжу арпа, тары секілді жарма түрлерін жеуге үйретіңіз. Себебі бұл тағамдар ұзақ уақыт бойы ағзаға тойымдылық сезім беріп, аштықты тудырмайтын күрделі көмірсулардың көзі болып келеді.
Көмірсулардың негізгі функциялары:
- Ағзаның жарты тәуліктік қуатын қамтамасыз етеді.
- Жасуша жарғақшаларының (мембрана) және кей ферменттердің «құрылысына» ат салысады. Сондай-ақ, сүйек және шеміршек талшығының, полисахаридтердің құрамына кіреді.
- Қанның ұюына тосқауыл болады, сондай-ақ, ісік ауруына қарсы тұру қызметін атқарады.
- Жүрек, бүйрек және бұлшықеттерде жиналатын қуат қорын тудырады. Гликоген барлық ағзаны глюкозамен қамтамасыз етеді.
- Көмірсулар қоректік компоненттерді сіңіруге әсер ете отырып, асты қорыту қызметін атқарады.