Барлығына арналған дене белсенділігі

       Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары (ЖҚТА) – әлем бойынша өлім себептерінің ішінде №1 болып табылады. Алайда, дұрыс тағам өнімдері мен қоспаларды үйлестіре білу, қауіп факторларын төмендетуге көмектесе алады.

         Нитраттар

Нитраттар – көкөністердің пайдалы болуының бірден-бір себебі. Олар ағзада қан айналымын жақсартуға және қан қысымын төмендетуге септігін тигізетін азот тотығына айналады. Олар қызылшада және әртүрлі жапырақты көкөністерде (рукола, қырыққабат және т.б.) көп мөлшерде кездеседі.

Сарымсақ

Сарымсақ ағзадағы азот оксидінің (NO) әсерін күшейтсе де, оның басты пайдасы оның құрамында қан тамырларын босаңсытып, қан қысымын төмендететін, сонымен қатар қандағы холестеринді азайтатын күкіртті сутектің (H2S) болуына байланысты.

К2 дәрумені

Жұмыртқаның сарыуызында және кейбір ферменттелген тағам өнімдерінің құрамында болатын К2 дәрумені артериялардың кальцийленуі мен сіресуін (артерия  қабырғаларының қатаюы) төмендете алатын тағам қоспаларының бірі.

К2 дәрумені сүйекке де пайдалы! Әсіресе D дәрумені мен кальцийді қолдану кезінде.

Бөріқарақат (вerberine (барбарис) қытай коптисі)

Салауатты өмір салтымен бірге үйлестірілген берберин қандағы глюкоза деңгейін (HbA1c) айтарлықтай жақсартып, 2-типті қант диабеті бар адамдарда холестериннің жоғары деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Таурин

Таурин (L-таурин) – бұл жүректің тұрақты соғуын сақтауға көмектесетін маңызды амин қышқылы. Зерттеулер тауриннің қан қысымы жоғары адамдарға оң әсер беретіндігін көрсетті.

 

Күнделікті тамағыңызға көбірек сарымсақ, жапырақты көкөністер және қызылшаны қосу - бұл жүректі қорғаудың қол жетімді және қарапайым жолы.

Қоспалар дұрыс тамақтануды толықтыратынын, бірақ оны алмастыра алмайтыны есіңізде болсын!

Ұйқыңыз дұрыс және дене белсенділігіңіз жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз!

       P.S.  Дене шынықтыру немесе спортпен айналысуды бастамас бұрын және қандай да бір қоспаны қолданбас бұрын дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз, өйткені кейбір қоспалар сіз дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз олармен әрекеттесуі мүмкін!

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

         Ызғарлы... аязды күндер басталды, сіз спортпен шұғылдануды жалғастырудың орнына жылы көрпе жамылып «қысқы ұйқыға» кетуге бел будыңыз ба!? ...

         Жаяу жүруді бірден бастап кету оңай емес. Оның мысалы, бір таудың басындағы үлкен қойтасты етекке түсіру шаруасына ұқсас. Баршамызға белгілі, алдымен қойтасты шайқап-шайқап орнынан қозғалту үшін  біраз күш жұмсап барып қана төменге домалатып...

         Еліміздің әртүрлі аймақтарында қандай би түрлері таңдалады? Арбамен билеу. Барлығы қалай басталды? осы және басқа да сұрақтарға ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, "Заманауи және спорттық би федерациясы" РҚБ Президенті Әлия Түсіпбековамен  ө...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.