Балаңыз физикалық тұрғыдан белсенді болса, онда мектепте де сабақ үлгерімі жақсы болатындығы зерттеулер барысында дәлелденді.
Дене белсенділігі есте сақтау қаблетін, зейін қою мен үлгерімін және ойлау, түсіну, есептеу, оқу, сөйлеу қабілетін жақсартады.
Екінші жағынан қимыл-қозғалыстың аздығы мидың денсаулығына кері әсер етеді, соның ішінде: зейін қою, есте сақтау қабілетіне.
Сіз білесіз бе?
Көптеген зерттеулер кейбір сабақтарды дене белсенділігімен алмастыру оқушылардың үлгеріміне кері әсер етпейтінін, керісінше жақсы баға алуға септігін тигізетінін көрсетті .
Осы сала бойынша көптеген халықаралық деңгейдегі басылымдарда жарияланған университеттік зерттеулер балалардың үлгерімі мен дене белсенділігі арасында тығыз байланыс барын анықтады.
Қысқа дене жаттығулары мидың атқару функцияларын жақсартады.
Мектептен тыс уақыттағы қарқынды дене белсенділігі сынақ нәтижелері мен оқығанды түсіну қаблетін жақсартты.
Ден белсенділік балалардың математика пәні бойынша үлгерімін едәуір арттырды.
Дене белсенділігі және спортпен айналысатын оқушылардың орташа үлгерімдері бірталай жоғары.
Неліктен?
- Дене жаттығулары мидың даму факторының деңгейін арттыруы мүмкін.
- Дене жаттығулары жүйке жүйесінің дамуын ынталандырады.
- Күнделікті дене белсенділігі қан плазмасындағы норадреналин (тамыр тарылтқыш қасиетін) деңгейін төмендеуіне әсер етеді.
- Дене жаттығулары ми қабығына қан жүруін арттырады.
- Дене белсенділігі балалардың зейін қою және пайымдау қабілетін арттырады.
- Дене белсенділігі ойлау, ақпаратты қабылдау және есте сақтауда жақсартады.
Қарапайым сөзбен айтқанда егер сіз дене белсенділігі немесе спортпен айналыссаңыз мидың жұмыс істеу қабілеті жақсара береді.
Деректер қайдан алынған?
Педиатрия, Балалар психологиясы, Профилактикалық медицина (АҚШ), Медицина және спорт, Еуропалық денсаулық сақтау, Жасөспірімдер денсаулығы және т.б журналдар мен ғылыми зертеу басылымдарынан алынған.