Балаларға арналған дене белсенділігі

         Балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтары мықты болып өссін десек, күнделікті дене белсенділігімен айналысып, дұрыс тамақтануы керек.

       Балаларда өмір бойы сақталынатын әдетін дамыту үшін, белсенді және салауатты өмір салты кішкентай кезден басталған дұрыс. Дене белсенділігі кез келген жаста пайдалы, әсіресе балаларға:

· олардың жүрегі мен өкпесін сау және мықты қылады,

· иілгіштігін арттырады,

· сүйектерінің мықты болып дамуына көмектеседі,

·  дененің дұрыс салмағын сақтауға көмектеседі,

· бірқатар ауру қауіпін және денсаулыққа байланысты проблемаларды төмендетеді,

· көңіл-күй жақсарады және өзіне деген сенімділік артады,

· оқу үлгерімі жақсарады.

"Қимыл-қозғалыссыз отырып" жұмыс істеу, мысалы компьютер алдында, бейне ойындар ойнау немесе теледидар көру, дене белсенділігі өте аз дегенді білдіреді. Балалар мен жасөспірімдер оларға аз уақыт бөліп, дене белсенділігіне көп уақыт бөлгені абзал.

Балаларымды қалай дене белсенділігіне баулимын?

Балалар дене белсенділігі мен салауатты өмір салтын, көбінесе, сіздерден (ата-аналардан) көріп біледі. Сондықтан отбасы мүшелерін тұрақты дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануға баурау керек. Егер отбасы күнделікті өмірде жұмыстардың бір бөлігін бірге жасаса, оңайырақ болады. Ол үшін:

· Балаңыздың жасы мен дамуына деңгейіне сәйкес келетін дене белсенділігі түрін таңдаңыз.

· Балаңызға спортпен айналысуға немесе ауладағы ойын алаңында ойнауға көп уақыт беріңіз.

· Ойындарды көңілді етіңіз.

Жасөспірімдер тәуелсіздікке талпынатын болғандықтан, кейбір нәрселерді өз бетімен жасағысы келуі мүмкін. Сондықтан оларға серуендеуді немесе жолдастарымен бірге велосипед тебуді ұсыныңыз.

 

Дене белсенділігіне балалар қанша уақыт бөлулері керек?

Күнделікті дене белсенділігі ойындар, спорт, жүру, велосипед тебу және дене тәрбиесін қамтуы мүмкін.

· Жоғары қарқынды дене белсенділігі кезінде балалар терлейді, ентігіп калып тіпті әзер сөйлеуі мүмкін. Ол жылдам жүгіру, жүзу және басқада белсенділік кезінде болуы мүмкін.

· Орташа қарқынды дене белсенділігі кезінде балалар терлейді және тыныс алуы ауырлау болады, бірақ ентікпей сөйлейді. Ол жылдам жүру мен велосипед тепкен кезде болады.

· Бұлшықеттер мен сүйектерді қатайтатын қимылдарға (әрекеттерге) секіртпемен (секірме) секіру мен жүгіру, сондай-ақ теннис және баскетбол секілді спорт түрлері жатады.

 

 

 

Күніне қанша уақыт?

Не істеу керек?

Сәбилер

(0-12 ай)

Күніне бірнеше рет белсенді болу.

Соның ішінде 30 минут іште жатқан кезде.

Белсенді ойындар туғаннан басталады, созу, итермелеу және еңбектеу. Бұның бәрін еденге төсеніш салып соның үстінде жасаған дұрыс.

Балалар

(1-2 жас)

 

 

 

 

 

 

Мектеп жасына дейінгі балалар (3-5 жас)

Күніне 180 минут дене белсенділігі (жоспарланған, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған дене белсенділігі немесе еркін ойындар).

 

5 жасқа қарай олар ақырындап кем дегенде 60 минуттық шапшаң ойындарға ауысулары керек (орташа немесе жоғары қарқынды).

Мұндай сабақтар қызықты өтуі керек, сіздің балаңызды дене белсенділігінің жаңа түрлерін көріп танып білуге итермелеуі қажет.

 

 

Бұл жаста балалар ережені түсінбейді,қимылдары үйлесімсіз, ұйымдастырылған спорт түрлерімен айналысу әлі ертерек. Сондықтан оларды: жүру немесе жүгіру, жүзу (4 жастан бастап), акробатика, би, лақтыру және ұстау сияқты спорт түрлеріне баулыған абзал.

Өсу деңгейіне қарай секіру және велосипед тебуді үйренеді. 

Балалар

(6-9 жас)

Күніне 60 минуттық орташа және жоғары қарқынды дене белсенділігі, оған қоса:

Жоғары қарқынды белсенді жаттығулар аптасына кем дегенде 3 рет,

бұлшықеттер мен сүйектерді қатайтатын жаттығулар аптасына кем дегенде 3 рет.

Машықтану уақыты қысқа, ережелері ыңғайлы, бос уақыт беру және қызықты болуы қажет.

Басқа да идеялар: ойындар, мектепке жаяу бару, футбол, гимнастика, коньки, шаңғы тебу.

Балалар

(10-12 жас)

Күніне 60 минуттық орташа және жоғары қарқынды дене белсенділігі, оған қоса:

Жоғары қарқынды белсенді жаттығулар аптасына кем дегенде 3 рет,

бұлшықеттер мен сүйектерді қатайтатын жаттығулар аптасына кем дегенде 3 рет.

Балалардың жыныстық толысуы әр уақытта. Сол сияқты олардың дене бітімі,  салмағы, күші және ер жетуі әр түрлі уақытта дамиды. Әдетте, дағдыларын дамытатын, қызықты командалық спорт түрлеріне қатысуға дайын. Күштік машықтануды үлкендердің бақылауымен жеңіл салмақтардан бастаған дұрыс.

Басқа идеялар: жекпе-жек спорт түрлері, жорықтар, кеудені жерден көтеру (тізені жерге қойып), отырып тұру.

Жасөспірімдер

(13-17 жас)

Күн сайын 60 минуттық орташа және жоғары қарқынды дене белсенділігі, оған қоса:

Жоғары қарқынды белсенді жаттығулар аптасына кем дегенде 3 рет,

бұлшықеттер мен сүйектерді қатайтатын жаттығулар аптасына кем дегенде 3 рет.

Іс-шаралар қызықты және достар арасында өту керек. Жасөспірімдер көбінесе

жеке фитнес (мектептен кейін фитнес қатысу), жүру, велосипед тебу, үй шаруасы, спорттың жарыстық және жарыстық емес түрлерімен (баскетбол, волейбол және т.б. ойындар) айналысуға бағытталған.

Басқа идеялар: байдаркада немесе каноэда есу, жорықтар, шығыршықты коньки тебу, бақшада жұмыс істеу, лақтыру және ұстауды талап ететін ойындар. 

 

 Созылмалы аурулары бар балалар қандай дене белсенділігін жасай алады?

Тұрақты дене белсенділігі барлық балалар мен жасөспірімдер үшін маңызды. Өкінішке орай, кейде созылмалы аурулары бар балаларда дене белсенділігі жеткіліксіз болып жатады.

Созылмалы ауруы бар балаларға орташа қарқынды, терлететін және тыныс алуды кішкене қиындататын, төмен дене жүктемелерінен бастауға болады. Алайда, балаңыз қандайда бір дене белсенділігімен айналыспас бұрын, дәрігермен кеңесіп рұқсатын алған жөн. Қажет болған жағдайда дәрігер балаңыздың жүрек-қантамырлары мен тыныс алу жүйелерінің жарамдылығын анықтау үшін физиотерапевтке  жіберуі ықтимал.

Балаңыз өзін жайлы сезінген сайын, дене жаттығуларына арналған уақытпен, оның жиілігін және қарқындылығын біртіндеп артыруға болады.

· Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер үшін әдетте иілгіштік (созылу), күштік жаттығулар (жеңіл салмақпен) пайдалы.

· Созылмалы аурулары бар көптеген балаларға сүйекті қатайтатын қарқынды дене жүктемелер пайдалы (мысалы, секіру).

 

Белгілі бір аурулары бар балалар үшін кеңестер:

Ювенильді идиопатикалық артрит – буындарда ісік тудырып ауыртатын ауру.

· ЮИА ауруы бар балалар мен жасөспірімдер ауруларын асқындырып алмай, спортпен айналыса алады. Олар жүктемесі орташа және бірқалыпты, әрі күш пен иілгіштікті арттыратын жаттығуларды таңдағаны дұрыс.

· Судағы жаттығулар буындарға күш түсірмей, қозғалыс ауқымын (диапазонын), күш пен дене дайындығын жақсартады.

· Жүгіру бұлшықет пен сүйектерге пайдалы.  Балаңыз осындай спорт түріне қатыспастан бұрын, дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Гемофилия – қанның ұюының нашарлығынан, қан тоқтамайтын ауру.

· Гемофилиямен ауыратын балалар жекпе-жек және хоккей, футбол сияқты спорт түрлерімен айналыспас бұрын, дәрігермен кеңесу керек. 

· Жаттығулар бұлшықеттерді нығайтып, буындарды жарақаттан қорғайды. Мықты бұлшықеттер  қан кетуін (ешқандай себепсіз) және буындардағы проблемаларды азайтады.

· Велоспорт, жүгіру және жүзу гемофилиямен ауыратын балалар мен жасөспірімдер үшін жақсы.

· Жаттықтырушы, мұғалім және қамқоршыларға ауруды анықтау, қан кетудің алдын алу және оны емдеу жолдарын жазбаша жазып берген дұрыс.   

Астма (демікпе) тыныс алуда проблемалары бар ауру ((жүректің не өкпенің кейбір аурулары кезінде болатын алқыну, булығу ұстамасы)).

·  Егерде ауру белгілері бақылауда болса, дене белсенділігінің кез келген түрімен айналысуға болады. 

·  Дене белсенділігі астмамен ауыратын балалардың өкпесін нығайтады.

·  Жүзу, жүгіруге қарағанда, астмаға байланысты проблемалар тудыру ықтималдығы төмен.

·  Ауру мен оның басталар алдындағы белгілері және емдеу жолдарын жазып жүріңіз, сонда өзіңізбен дәрігерге дене белсенділігі түрін таңдау жеңіл болады.

·  Жаттықтырушыларға, мұғалімдер мен тәрбиешілерге балаңыздың астмасы бар екенін, оның басталар алдындағы белгілері мен қалай көмектесу керектігін алдын ала айтып қойыңыз.

Муковисцидоз (МВ) – ағзада, өкпе мен ас қорыту жүйесін зақымдайтын, қою әрі жабысқақ шырыш пайда болатын генетикалық ауру.  Ол тыныс алу мен  тамақтың ыдырауын қиындатады.

· МВ-мен ауыратын балалар дене белсенділігінің көптеген түрімен айналыса алады. Егерде ауру белгілері бақылауда болса. Қандайда бір дене белсенділігімен айналысар алдында дәрігерімен кеңесіңіз.

· Жүрек соғу жиілігін жоғарылатып, өкпе жұмысын жақсартуға көмектесетін жаяу жүру, жүзу немесе жүгіру сияқты жаттығулар МВ-мен ауыратын балалар үшін жақсы.

· МВ-мен ауыратын балаларға аквалангпен су астында жүзуге болмайды.

 

Отбасы қалай салауатты өмір салтын ұстануы керек?

· Балаларыңыз бен отбасы мүшелері экран алдында қанша уақыт өткізетінін қадағалаңыз (теледидар, компьютер, планшет, бейне ойындар және смартфондар).  2-5 жас аралығындағы балаларға экран алдында отыруға күніне 1 сағат шамасында ғана рұқсат етіңіз, ал 2 жасқа дейінгі сәбилерге мүлдем тыйым салған абзал.

· Ұйымдастырылған спорт түрімен айналысу балалар мен жасөспірімдер үшін жеткіліксіз. Балаңызды күнделікті жаяу жүруге, велосипед тебуге, секіртпемен секіруге, ойын алаңдарында ойнауға үйрете отырып, салауатты өмір салтына баулыңыз.

· Отбасы мүшелерін лифт пен эскалатордың орнына, саты арқылы көтеруге ынталандырыңыз.

· Баланы үй шаруашылығына араластырыңыз: азық-түлік тасуға, үй жинауға немесе ауланы тазалауға.

· Іс-әрекеттердің бала үшін қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіздер. Велосипед тебу, коньки тебу, скейтборд және футбол ойнаған кезде міндетті түрде қорғаныс жабдықтарын киюі керек.

 

 

Өзіңіз еліктеу үлгісі болуды естен шығармаңыздар!

 

 

 

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

          Быть физически активным важно для здорового роста и развития детей дошкольного возраста.  ...

Сколиоздің алдын алу немесе болған жағдайда жасалатын жаттығулар. Төмендегі жаттығулар тұрақты түрде таңертең немесе кешке жасау қажет. ...

         Ата-аналарда: «Баланы неғұрлым ерте спортқа берсе, соғұрлым үлкен нәтижелер көрсетеді» - деген ой қалыптасып қалған. Бірақ ол қате пікір.   ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.