Отбасына арналған дене белсенділігі

        Спортпен бірге шұғылдана отырып, сіз балаңызға жақсы үлгі көрсетіп, оны пайдалы әдеттерге дағдыландырасыз. Отбасылық спорт түрлерін таңдаған кезде балаңыздың да ойын ескеріңіз. Таңдауыңызды жеңілдету үшін сізге отбасыңызбен айналысуға болатын спорт түрлерінің жиынтығын ұсынамыз.

1. Жүзу

Жүзу барлық отбасы мүшелеріне арналған белсенді спортың жақсы түрі болып табылады. 

Пайдасы: дене мүсінін дұрыс қалыптастырады сколиоздың алдын алады, бұлшықеттердің күші мен тонусын арттырады, жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайын жақсартады, буындарға түсетін жүктемені азайтады.

2.Велоспорт және жүгіру

Мұнда 2 нұсқа бар:

· баламен бірге велосипед тебу (бұл нұсқа жас өте кіші балаларға сәйкес келмейді).

· бала велосипедте, ересек адамдар оның жанында жүгіріп отыру.

Пайдасы: баланың тірек қимыл аппаратын, ептілігі мен төзімділігін жақсартады. Қаладан тыс жерде жаттығу жасау елді-мекендерде бағдарлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл спорт түрлері әсіресе аяқтардың, бөксе және іштің бұлшықеттеріне қатты әсер етеді. Баланы велоспортқа баулуды екі жастан бастап, үш дөңгелекті велосипедке отырғызудан бастаңыз. Әдетте, екі дөңгелекті велосипедті тебуге үйрету 4-5 жастан басталады, алайда бұл көбінесе баланың іштей дайын болуына байланысты.

3.Скандинав жүрісі

Бұл жүріс түрінде тірек қимыл аппараты толық қамтылып, бір уақытта бұлшықеттердің барлығы дерлік іске қосылады. Тізе буындары мен омыртқа аралық дискілерге қатты жүктеме түсірмей, бұлшықеттердегі қан ағымын жақсартады және метаболизмді арттырады. Бұл жүріс түрімен ашық ауада (стадионда, паркте, саябақта, орманда) және ғимарат ішінде де айналысуға болады.

Жүріс ұзақтығы күніне 30 минуттан кем болмағаны жақсы, уақыт өте келе 2-3 сағатқа дейін жеткізуге болады.

4. Роликті коньки тебу

Пайдасы: аяқ және жамбас бұлшықеттерін күшейтеді, төзімділікті арттырады, қозғалыс үйлесімін жақсартады.

Баланы 3 жастан бастап роликті коньки тебуді үйретуге болады. Бала есейіп, 5-6 жасқа келгенде үйреткен әлдеқайда жеңілірек. Бұл жастағы балалар дене дайындығы тұрғысынан әлдеқайда дайын және де роликті коньки тебуді үйренуге ынталы болады.

 5.Бадминтон

Негізгі артықшылығы – бала мен ересек отбасы мүшелерінен арнайы дайындықты қажет етпейді.

 Ойын барысындағы еңкею, жүгіру және секіру сияқты түрлі қимылдар бұлшықеттердің барлық топтарын нығайтуға көмектеседі. Ойын барысында воланды қадағалау қажет болғандықтан бадминтон көру қабілетіне де пайдалы ойын, өйткені бұл көзге жақсы гимнастика болып табылады.

 6.Құзға шығу

Скалодром сабақтары – уақытты қызықты өткізудің бірден-бір жолы, бала құзға шығу негіздерін игеріп, денесін дамытуға көмектесетін түрлі деңгейдегі кедергілерден өтеді.

Бұл сирек кездесетін спорт түрлерінің бірі, онда үйлестік, ептілік, логикалық және кеңістіктік ойлау сияқты қасиеттердің бір уақытта дамуына мүмкіндік туады, реакция жақсарады, батылдық пен мақсаттылық пайда болады.

Сонымен қатар көптеген бұлшықеттерді нығайтылады. 

7.Йога

Йога тыныс алу жаттығуларынан (пранаям) және белгілі бір ден қалыптарынан (асан) тұрады. Йогамен шұғылдануды екі жастан бастауға болады. Бұл жаста жаттығулар шамамен 15-30 минутқа созылып, көбінесе ойын түрінде өткізіледі. Балалар жануарлар, бұлттар, ағаштар кейпіне еліктейді. Олар физикалық тұрғыда дамып ғана қомай, сонымен бірге әлеуметтік қатынас дағдыларына бейімделеді. Баланы жалықтырмас үшін, сабақтардың көңілді түрде өткізілуіне назар аударыңыз, ал олардың ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек.

8.  Шаңғы тебу

Шаңғы спорты жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады, вестибулярлық аппаратты дамытады және ағзаны шынықтырады. Шаңғымен шұғылданудың артықшылығы –  жаттығулардың таза ауада өтетіндігі мен дененің барлық бұлшықеттері жұмыс істейтіндігінде. Жаттығуларды қыста жақын маңдағы саябақта немесе орманда өткізуге болады.Мұндай серуендерге арналған киім жылы және су өткізбейтін болуы керектігін ескере кетейік.

 

Аталған спорт түрлерінен басқа бимен, жаяу туризммен, волейболмен, футболмен, тенниспен және тағы басқа белсенділік түрлерімен айналысуға болады. Сондықтан, отбасыңызға ең қолайлысын таңдаңыз. Жәнеде айналысатын спорт түрлерін жыл мезгіліне байланысты ауыстырып отыруға болады. Сонымен әртүрлі топтағы бұлшықеттер нығайтып, әр спорт түріне қажетті дағдыларды қалыптастырасыз және жаттығулар міндет емес ойын-сауық ретінде қабылданатын болады.

 Ескерту. Дене белсенділігінің қай түрімен айналыссаңыздар да қауіпсіздік ережесін сақтаңыз, арнайы немесе ыңғайлы киім мен жабдық туралы ұмытпай, жүктеме мөлшерін қадағалап отырыңыз!

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

       Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді. ...

        Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді. ...

        Жүкті келіншектерге көп күш түсірмеу керек деген түсінік қалыптасқан. Ал зерттеулерге сәйкес, дене белсенділігі жүктіліктің ерте үзілу, нәресте салмағының нормадан аз болу, мезгілінен бұрын туу қаупін арттырмайды, керісінше ана мен болашақ нә...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.