Отбасына арналған дене белсенділігі

        Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді.

Қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар:

1. Бастапқы қалып (б.қ.) - Бала жүресінен отырады, ал ересек адам дәл солай қарама-қарсы отырып, баланың қолдарын өзінің иықтарына қояды да, оның белінен ұстап, баланы тізесіне тұрғызып көріңіз. Сосын б.қ. қайта ораламыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаймыз.

2. Б.қ. - Бала тізерлеп тұр, ересек адам оны қолтығынан демеп оңға солға еңкейтеді. Мұндай жаттығу арқылы бала дене салмағын оң және сол аяққа теңгеруді үйренеді. Жаттығуды екі жаққа бірнеше реттен қайталаймыз.

3. Б.қ. - Бала орындықта отыр, табаны еденге қойылған, ал ересек адам оған қарама-қарсы тұр. Ересек адам баланы қолынан ұстап алға және жоғары қарай тарта отырып, баланы орнынан тұруға итермелейді. Жаттығуды бірнеше рет қайталаймыз.

4. Б.қ. - Бала тұр, ересек адам баланы сүйемелдей отырып  кезекпен бір аяқта тепе-теңдік сақтап тұруын сұрайды. Жаттығуды әр аяққа бірнеше реттен қайталаймыз.

 

Буын қызметін қалыпқа келтіруге арналған жаттығулар:

5. Б.қ. - Шалқалап жатыр, бір аяғын тізеден бүгіп ішке қарай итереміз, ал екінші аяқ созылған қалыпта, сонан соң б.қ. ораламыз. Жаттығуды әр аяққа бірнеше реттен жасаймыз.

6. Б.қ. - Оң қырынан жатыр, ересек адамның көмегімен сол аяқты жоғары көтереміз, сосын б.қ. қайтып келеміз. Бұл ретте тізе бүгулі қалыпта болады. Содан кейін сол қырынан жатып жасаймыз.

7. Б.қ. - Ішке жату, көкірек тұсына жастық қойылған. Ересек адам дененің жоғары жағын созу (жазу) мақсатында баланың иықтарынан немесе қолдарынан ұстап артқа қарай жоғары тартып көтермелейді. Жаттығуды бірнеше рет қайталаймыз.

 

Іштің бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

8. Б.қ. - Шалқасынан жатыр, қолдары екі жанында. Бала қолдарын қолданбай өз бетінше аунауға тырысуы қажет.

9. Б.қ. - Шалқалап жатыр, ересек адамның көмегімен аяқтарын түзу ұстап басынан асыра көтеріп, еденге тигізуге тырысу.

 

Қол мен аяқтың бұлшықеттеріне арналған жаттығулар

10. Саусақтарды жұдырыққа түйеміз, содан соң саусақтарды бір-бірлеп ашып, бір-бірлеп жұмамыз. Бұл жаттығуды 5-10 рет қайталаймыз.

11. Жұдырық түйіп, қолбасын әр бағытта 5-10 реттен айналдырамыз.

12. Б.қ. – Шалқалап жатыр, қолдары екі жанында, аяқтар кеуде тұсында тізеден бүгілген қалыпта. Ересек адам баланың жіліншігінен ұстап, кезекпен жамбас буынынан аяқты бір жақ шетке апарып айналдыра отырып б.қ. әкеледі.

 

Дене мен мойын бұлшықеттеріне арналған жаттығулар

13. Б.қ. – Шалқалап жатыр, ересек адам баланың қолтықтарынан демей отырып қарсыласуына жол бермей, оны екі  жаққа теңселтеді.

14. Б.қ. - Бала бір қырынан жатыр, ересек адам оны шалқасынан немесе екпетінен жатқызуға тырысады. Ал, бала қарсыласу керек.

15. Б.қ. - Орындықта отыр, қолдары мен басы босаңсыған күйде. Ересек адам баланың басын оңға солға бұрады және еңкейтіп шалқайтады, ал бала мойын бұлшықеттерін барынша бос ұстауға тырысуы қажет.

 

Бет қимылын (мимика) дамытуға арналған жаттығулар:

- таңданған кейіп таныту, бірнеше рет қайталау қажет;

- шаттану мен ләззат алу сәтін суреттеу, бала мысықтың еркелегенін, күшіктің дәмді тамаққа қуанғанын көрсету;

- жиіркену сәтін көрсету: бала ащы дәрі ішіп жатқан немесе лимон жегенін елестетіп көрсету;

- ашудың не екенін түсіндіріп, ашуланған адамның кейпін көрсету.

 

Тыныс алуға арналған жаттығулар:

- баладан терең тыныс алу кейпін жасауды, жанып тұрған май шамды үрлеп сөндіруді, алақаннан қауырсынды үрлеп түсіруді сұраңыз. Баламен бірге шар үрлеу немесе сабын көпіршіктерін үрлеп ойнау пайдалы.

- балаға түтікше арқылы стақандағы суда көпіршіктерді үрлеп шығаруды үйрету.

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

        Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді. ...

Салауатты өмір салты және дене шынықтыру – ана мен болашақ сәби денсаулығының кепілі. Қалыпты дене белсенділігі жүктілік кезінде қауіпсіз, әрі пайдалы, тек қарсы көрсетімдер болмаса. ...

        Жүкті келіншектерге көп күш түсірмеу керек деген түсінік қалыптасқан. Ал зерттеулерге сәйкес, дене белсенділігі жүктіліктің ерте үзілу, нәресте салмағының нормадан аз болу, мезгілінен бұрын туу қаупін арттырмайды, керісінше ана мен болашақ нә...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.