Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді.
Көбінесе денсаулықтарында осындай ақауы бар балалардың ата-аналары шамадан тыс қамқорлық көрсетеді, нәтижесінде олардың жеке тұлға ретінде тәуелсіз дамуы қиынға соғады. Ал кейде керісінше, ата-аналар немқұрай қарап, жауапкершілік сезінбейді, яғни баланың денсаулығын жақсарту үшін жеткілікті жағдай жасамайды.
Тұрақты теріс қалыптар мен сіресулер қалыптаспас үшін, қозғалыс дағдыларын тез дамыту мақсатында балаға қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
Қимыл-қозғалысы қатты бұзылған балаға алдамшы (бейсана) әрекеттер жасау мүмкіндігін туғызбайтын арнайы орындық пайдалану қажет. Орындық еркін қимылдауға және өз денесін жақсы басқаруға мүмкіндік беретін болуы керек. Ол үшін орындық шынтақ сүйеніші, алмалы арқалық, басын қадағалауға арналған құрылғы сияқты қосымша бөлшектермен жабдықталуы керек.
|
Еріксіз иіле беретін, әрі отыру қабілеті ақырын дамитын балаға оны тік ұстап тұратын белдіктері мен тіреуіші бар орындық қажет. Басы мен денесін ұстау қабілеті жақсарған сайын тіреуіштерді біртіндеп алып тастауға болады. Баланы ұзақ уақыт орындыққа байлап отырғызуға болмайды, өйткені бұл оның дамуына кері әсерін тигізеді. |
Баланың аяғы әрдайым тіреуіште болуын тексеріп отыру қажет, тіпті жатқан кезде де. Арқа және аяқ тіреуіштерінің жоқтығы қорқыныш тудырып бұлшықеттерге шамадан тыс күш түсіреді және дұрыс емес, теріс қалыптар жасауы мүмкін (бұлшықеттердің қатты жиырылуынан). Осының салдарынан бас пен дененің қалпын қадағалай алмай, бағыт-бағдарды жоғалтып алады. Егер де баланың аяғы ұзақ уақыт салбырап тұрса, табан буыны сіресіп қалады. |
Уақытының көп бөлігін отырып немесе жатып өткізетін балаларды ара-тұра тұрғызған дұрыс (қажет болған жағдайда арнайы құрылғының көмегімен). Мүгедектер арбасын қолданатын және алға қарай еңкейе беретін балалардың уақыт өте келе омыртқа пішіні өзгеруі (деформациялануы) мүмкін. Баланың қолдары шынтақ сүйенішінде жатпауы (олардың бұлшықеттері ширығу) қолы мен барлық денесін дұрыс емес, теріс қалыпқа әкеледі. |
Жаттығу кезінде көбінесе балалар қолдары мен білезіктерінің қозғалысын немесе аяқтарын түзу ұстау қимылдарын қажетті түрде бақылай алмай жатады, тіпті бір затты аларда шалқалай құлайды. Сондықтан, киім кигізерде, табандары еденге тиіп тұру үшін тізесінен басып тұру керек немесе арқасынан ұстап тұрған дұрыс. Аурудың ауыр түрінде баланы қырынан жатқызып киіндіріп, шешіндіру және бұл процесті ойын арқылы үйретуге болады. |
Егер де бала тепе-теңдікті сақтай алатын болса, онда бірден өз бетінше киініп шешіну жаттығуынан бастаңыз.
Ең бастысы, бала өзін-өзі сол күйінде қабылдауы тиіс. Ол үшін өз сезімдерін еркін білдіруі керек. Жақсы көру немесе қуаныш, қарсылық немесе қиындықтарды еңсеру түрінде болсын қоршаған әлемде өз орнын табуы керек.