Отбасына арналған дене белсенділігі

        Жүкті келіншектерге көп күш түсірмеу керек деген түсінік қалыптасқан. Ал зерттеулерге сәйкес, дене белсенділігі жүктіліктің ерте үзілу, нәресте салмағының нормадан аз болу, мезгілінен бұрын туу қаупін арттырмайды, керісінше ана мен болашақ нәрестенің денсаулығына оң әсерін тигізеді. Тек ережелер сақталынып, шамадан күш түсірілмесе болғаны.

Жүктілік кезіндегі дене белсенділігінің пайдасы:

  • Іштің кебуі мен ісінуін азайтады
  • Арқаның, аяқтың ауыруын басады
  • Қан айналымын жақсартып, тамырлардың түйнеліп кеңеюінен (варикоз) сақтауы мүмкін
  • Денені тік ұстауға және тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі
  • Өзіңізді жайлы сезінесіз
  • Көңіл-күйді көтеріп, күйзелістен сақтайды
  • Ұйқыны жақсартады
  • Артық салмақтан арылуға септігін тигізеді
  • Бұлшықет тонусын, күш пен төзімділікті арттырады
  • 20-аптадан (2-3 триместрде) соң қан қысымының көтерілуі және зәрде ақуыздың пайда болуы (Преэклампсия) мен «жүктілер диабеті» (гестациондық диабет) қаупін төмендетеді
  • Құрсақты жарып алу әдісімен (Кесарево) босану қауіпін азайтады
  • Тез, әрі жеңіл босануға септігін тигізеді.

  Дәрігермен кеңес

Қандайда бір дене белсенділігімен айналыспас бұрын емханаға тіркеліп, дәрігерлердің қарауында болу қажет.

  • Астма
  • Жүрек аурулары
  • Диабет
  • Ұрық жолдастың (плацента) ауытқуы мен төмен орналасуы
  • Жатыр мойынының әлсіз болуы

     ... Сондай-ақ, дене белсенділігі кезінде жүктілікке байланысты келесі ауру белгілері болған жағдайда, жаттығуларды бірден тоқтатып дәрігерге қаралыңыз:

  • Қан кету
  • Жүректің тез соғуы немесе қиын тыныс алу
  • Бас айналу немесе әлсіздік
  • Бас ауру
  • Бұлшықет әлсіз болып, жүру қиындық туғызса және жіліншік ісіп немесе ауырған жағдайда

Жіліншіктің ісуі мен ауыруы күре тамырларда қан ұю белгілер бар екенін білдіреді. Бұл денедегі күре тамырларда қан ұйығы (тромб) пайда болу әсерінен болады, әдетте жіліншікте немесе санда. Оны емдемеген жағдайда ауыр дертке, тіпті өлімге де әкелуі мүмкін.

  • Егіз, үшем немесе бірнеше нәрестеге жүкті болған жағдайда ауыр күш түсіруге рұқсат етілмейді.
  • Жүктіліктің үзілу немесе мезгілінен бұрын туу қауіпі туындаса
  • Жанға бататын алдамшы толғақтың жиі болуы.
  • Бала қозғалысы тоқтаса. Бұл жатырдағы шақалақ өлімінің белгісі (жүктіліктің 20-аптасынан кейін баланың құрсақта өлуі).

Денсаулықта айтарлықтай ақаулар болмай, жүктілік ойдағыдай жүріп жатқан жағдайда, орташа қарқынды дене белсенділігімен айналысуға әбден болады. Егер де осы уақытқа дейін ешқандай дене белсенділігімен айналыспасаңыз, жаймен бастаған абзал. Мысалы, бірінші күні 5 минут жаттығып, бірнеше күннен кейін уақытты ақырындап арттырған дұрыс. Немесе дәрігеріңіз денсаулығыңызға байланысты сізге лайықты жаттығуларды жасауға кеңес беруі мүмкін. Аэробты жаттығулар арнайы мамандардың бақылауымен өтуі қажет.  

Жүктілік кезінде айналысуға болатын қауіпсіз дене белсенділігі:

  • Жүру. Буындар мен бұлшықеттердің қатаюына ықпал етеді.
  • Жүзу немесе су жаттығулары. Буындарға күш түсірмейді және бұлшықеттер мен нәрестенің дамуына оң әсерін тигізеді.
  • Стационарлы велотренажер. Бұл кәдімгі велосипед тебуден қауіпсіз, өйткені құлап қалу қауіпі өте төмен
  • Йога немесе пилатес сабақтары. Нұсқаушының (инструктор) кеңесімен жүктілікке кері әсерін тигізбейтін арнайы жаттығулар таңдалуы қажет.
  • Төмен қарқынды аэробты жаттығулар. Мұндай дене белсенділігі жоғары қарқынды жаттығуларға қарағанда көп күш түсірмейді.
  • Күштік жаттығулар. Бұлшықет пен сүйектерді қатайтуға септігін тигізеді.

Мұндай дене белсенділігінің денсаулыққа еш зияны жоқтығын зерттеулер дәлелдеген. Олардан жарақат алу қаупі төмен және өзіңізге жағымды әсер етіп, босанғанға дейін айналысуға болады. Қарқынды жүру, әсіресе, жүрек пен өкпенің жұмысына пайдалы. Тек жүру кезінде сөйлеу қиын болмауы қажет. Денсаулығы жақсы жүкті келіншектерге аптасына кемінде 150 минут жүру пайдалы. Әрине оны өз ыңғайыңызға қарай бірнеше минуттан бөліп істеуге де болады.

Ал егер де кімде-кім жүктілікке дейін жүгіру секілді жоғары қарқынды аэробты дене белсенділігімен айналысса, оны жалғастыруға әбден болады. Тек ондай жаттығулар дәрігермен кеңесіп, рұқсат алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы қажет.

Қандай жаттығуларды жүктілік кезінде жасауға болмайды?

  • Көп қозғалысты қажет етіп, құлап қалуға себеп болатын дене белсенділігі. Мысалы атқа міну, тауға шаңғымен шығу, нашар жолдарда велосипед немесе коньки тебу.
  • Ішіңізге соққы тиюі мүмкін спорт түрлері, мысалы хоккей, бокс немесе баскетбол сияқты спорт түрлері.
  • Шалқалап жатып істейтін дене белсенділігі (жүктіліктің 3-ші айынан соң). Шалқалап жатқанда жатыр жүрекке қан жіберетін тамырға күш түсіреді. Сондай-ақ, балаға қан жіберуді шектейді.
  • Парашютпен секіру немесе скуба дайвинг (су астында газ баллонымен жүзу): скуба дайвинг декомпресси ауруына әкеледі. Яғни бала ішінде қауіпті газдың пайда болуы.
  • Жоғары биіктіктерге шығу. Мысалы, таулы аймақтарда. Биіктікте атмосфера қысымының азаюына байланысты балаға оттегі жеткілікті мөлшерде жетпейді.
  • Дене температурасының жоғарылауына әкелетін жаттығулар. Мысалы, Бикрам йога немесе қолайсыз ауа-райы күндері (ыстық) далада жаттығу жасау. Сондай-ақ, сауна немесе бумен қыздырынатын орындарда 15, ал ыстық ваннаны 10 минуттан артық қабылдамау керек, себебі нәресте даму кемістіктерімен тууы мүмкін.
    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

        Жүкті келіншектерге көп күш түсірмеу керек деген түсінік қалыптасқан. Ал зерттеулерге сәйкес, дене белсенділігі жүктіліктің ерте үзілу, нәресте салмағының нормадан аз болу, мезгілінен бұрын туу қаупін арттырмайды, керісінше ана мен болашақ нә...

        Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді. ...

       Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.