Отбасына арналған дене белсенділігі

Салауатты өмір салты және дене шынықтыру – ана мен болашақ сәби денсаулығының кепілі. Қалыпты дене белсенділігі жүктілік кезінде қауіпсіз, әрі пайдалы, тек қарсы көрсетімдер болмаса.

Жүктілік кезінде әйелдердің ағзасы гормоналдық түрде қайта қалыптастырылады. Салмақ артады, күш омыртқаға көп түседі, тез шаршағыштық басталады. Осының салдарынан құлап, жарақат алу қауіпі артады. Сондықтан жүктілік кезінде тек қалыпты жүктемелерге рұқсат етілген.

Жүктілік кезінде дене шынықтырумен айналысуға болатынын нақтылау үшін, дәрігермен кеңесіңіз.

 

Жүктілік кезінде дене белсенділігімен айналысуға болмайтын жалпы жағдайлар:

- жоғары немесе төмен қан қысымы

- бүйрек, жүрек және қантамыр аурулары

- жатырдың жоғары тонусы

- өзін жайсыз сезіну, токсикоз

- ЭКО жүктілік, көпұрықтық жүктілік

- уақытынан бұрын босану қауіпі және т.б.

 

Жүктілік кезінде дене шынықтыру ана мен балаға оң әсерін тигізу үшін келесі ұсынымдарға назар аударыңыздар:

- дене шынықтырумен тек маманның рұқсатымен айналысуды бастаңыз.

- жүкті келіншектерге тек қысқа, оңай жаттығулар рұқсат етіледі және жүктіліктің 9-12 аптасынан бастауға болады.

- 10 минуттық жаттығуларды күнделікті орындаудан бастаңыз, өйткені дене жүктемеге біртіндеп үйренісу қажет. Жаттығулар алдында міндетті түрде денеңізді қыздырып алыңыздар, ал аяқтаған соң дем алуды қалпына келтіріңіздер. Жылдам қозғалыстар жасап, секіруге болмайды.

- жүктілікке арналған, қозғалыстарға ыңғайлы кең киімдерді таңдаңыздар.  

- су ішіңіздер, спортпен айналысу кезінде сусызданудың алдын алу үшін сулы-тұзды балансты сақтаңыздар.

 

Жүкті келіншектерге арналған жаттығулар кешені:

Жаттығуларды жасағанда, естеріңізде болсын!

- Жаттығулар кешенін ақырын қарқынмен 8-10 рет орындау

- Жаттығулардың дұрыстығына назар аудару

- Денені тік ұстау

- Кез-келген жаттығулар кешенін орындамас бұрын, дәрігермен кеңесу

- Шаршау, бас айналу, жүрек айну, жатыр тонусының жоғарылау, және басқа да ыңғайсыз сезімдер пайда болған кезде жаттығуды дереу тоқтату керек.

 

1 жаттығу

2 жаттығу

3 жаттығу

4 жаттығу

5 жаттығу

6 жаттығу

7 жаттығу

8 жаттығу

9 жаттығу

10 жаттығу

11 жаттығу

Дене шынықтыру — жүктілік кезінде де өмірдің бір бөлігі, сондықтан жаттығулар жайында ұмытпай, оларға уақыт бөлуге ұмтылыңыз. Өзіңізді әйел адамның басты міндеті – ана болуға дайындаңыз!

 

 

                                                                                                                    Дайындаған: Индира Даулетбекова

                                                                                                                    Аударған: Әсел Рахметова

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

        Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді. ...

Салауатты өмір салты және дене шынықтыру – ана мен болашақ сәби денсаулығының кепілі. Қалыпты дене белсенділігі жүктілік кезінде қауіпсіз, әрі пайдалы, тек қарсы көрсетімдер болмаса. ...

       Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.