Барлығына арналған дене белсенділігі

 Ақуыз, май және көмірсулар – осы үш компонентсіз өмір сүру мүмкін емес. Олар жер шарындағы барлық тірі организмдерде болатын компонент.

Ақуыз, май және көмірсулар – осы үш компонентсіз өмір сүру мүмкін емес. Олар жер шарындағы барлық тірі организмдерде болатын компонент. 

  Олардың жетіспеуі және артық болуы қандай қауіп төндіреді? Әр топқа жеке-жеке тоқталып өтейік.

  Ақуыз – маңызды қоректік зат. Дәл осы ақуыз бұлшықет тіндерінің өсуіне септігін тигізеді, яғни адам денесінің сапасын жақсартады.

  Оның жетіспеуі қандай қауіп тудырады

  •    Бұлшықет тіндерінің төмендеуі, болбырауы, дене тонусын жоғалту.
  •    Тері, тырнақ және шаш жағдайларының нашарлауы.
  •    Гормондық фонның бұзылуы.
  •    Иммунитеттің нашарлауы және ағзаның қорғаныш функцияларының төмендеуі.
  •    Қан тамырлар жүйесі функциясының нашарлауы.
  •    Жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі.
  •    Артық салмақтың пайда болуы.
  •    Балалардың өсу және даму процесстерінің баяулауы .
  •    Жады (есте сақтау) мәселелерінің туындауы.

 

Ақуыздың артық болуы қандай қауіп төндіреді:

 

  • Асқазан мен ішек жолдары жұмысының бұзылуы, метеоризм (іштің кебуі), іш қату немесе диарея.
  • Бүйрекке артық күш түсу, бұл біршама жағымсыз ауруларды тудырады немесе бар ауруларды асқындырып жібереді.
  • Иммунитеттің нашарлауынан үнемі шаршау, көңіл күйдің бұзылуы, қатты ашуланшақтық.
  • Әйелдерде гормондық үйлесімдік пен етеккір циклінің бұзылуы.

 

 Көмірсулар – ағза үшін құрылыс, энергия және қорғаныш функцияларын атқаратын органикалық зат.

 

Рационда көмірсулардың жетіспеуі қандай қауіп тудырады:

 

  • Тұз алмасу процессі бұзылуының нәтижесінде бүйрекке күш түседі.
  • Көмірсудың әрдайым жетіспеуі асқазан мен ішек жолдарының «қышқылдануын» тудырады, бұл өз кезегінде майлар мен ақуыздардың азайтады.
  • Зат алмасу бұзылады.
  • Әлсіздік және қуаттың жетіспеушілігі.
  • Майлар бауыр құрылымында жиналады

 

Көмірсулардың артық болуы қандай қауіп төндіреді:

 

  • Қант диабеті қаупінің артуы.
  • Артық салмақ және семіру қаупінің артуы.
  • Әрдайым аштық сезіну.
  • Терінің түлеуі, сондай-ақ кішкентай бөртпелердің (прыщи) пайда болуы.
  • Когнитивтік функциялардың төмендеуі.

 

  Майлартіндер мен жасушаларға "құрылыс" материалдары және ең қуатты энергия  көзі, әрі қоры болып табылады.

 

Майдың жетіспеуі қандай қауіп тудырады:

 

  • Терінің қышуы мен құрғауы.
  • Психиканың бұзылуы, агрессия мен ырықсыздық.
  • Таңертең шаршаңқы сезіну, зейін қою және есте сақтау қабілеттерінің нашарлауы.
  • Әрдайым тоңу.
  • Көру қабілетінің нашарлауы.
  • Гормондар жүйесінде өзгерістер.
  • Буындардың ауыруы.

 

Майдың артық болуы қандай қауіп төндіреді:

 

  • Асқазан мен ішек жолдары функциясының бұзылуы.
  • Пайдалы макроэлементтерді сіңірудің нашарлауы.
  • Дәрумендерге қажеттіліктің артуы.
  • Салмақтың артуы.
  • Қант диабеті қаупінің артуы.
  • Қан тамырлары мен атеросклероз ауруларының қаупінің артуы.

 

          Егер де артық салмақтан арылғыңыз келсе, дұрыс тамақтануға ауысыңыз және дене белсенділігін арттыру қажет. Қажетті элементтер жиынтығының үйлесімсіздігін талап ететін диетадан сақ болыңыздар. Бір ғалым: "Диета ұстаған адамның науқастығында сөз жоқ, ал саулығына күмән бар" депті.

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

         Еліміздің әртүрлі аймақтарында қандай би түрлері таңдалады? Арбамен билеу. Барлығы қалай басталды? осы және басқа да сұрақтарға ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, "Заманауи және спорттық би федерациясы" РҚБ Президенті Әлия Түсіпбековамен  ө...

       Сіз қазір отырсыз ба? Яғни, сіз қазіргі өркениетті адамдарға тән «белсенді емес» жұмыс түрімен жұмысбасты болып отырсыз. Бұл - адамдардың әдеттегі позасы. ...

         Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған аэробты жаттығулар – бұл мүгедектер арбасында немесе орындықта отырып жасайтын жаттығулар. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.