Барлығына арналған дене белсенділігі

Остеопороз - әлсіз, кеуекті сүйектерді тудыратын ауру түрі. Бұл сырқат 50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Сіздермен осы остеопороз туралы таралған аңыздарды жоққа шығарып, фактілермен бөлісетін боламыз.

1-АҢЫЗ: ОСТЕОПОРОЗ ҚАРТАЙҒАН ШАҚТА ҒАНА БОЛАДЫ

Остеопороз және онымен байланысты сынықтар адам жасына байланысты емес.

Факті: Джонс Хопкинс атындағы метаболикалық сүйек орталығын (Мэриленд штаты, Балтимор) басқаратын Селлмейер: "Сынықтардың алдын алудың көптеген жолдары бар", - дейді.

Алдын алу жолдары:

- кальцийді жеткілікті мөлшерде тұтыну;

- Д витаминінің жеткілікті мөлшерін қабылдау;

- тұрақты түрде дене жаттығуларын жасау.

2-АҢЫЗ: ОЛ ТЕК ӘЙЕЛ АДАМДАРДА КЕЗДЕСЕДІ

Әрине, әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда остеопороз жиі кездеседі, бірақ ер адамдар да остеопорозбен ауруы мүмкін.

Факті: Америкадағы 50 жастан асқан ақ нәсілді ер адамдардың 20%-ында остеопорозға байланысты сүйек сынуы кездеседі.

Қара нәсілді ерлер мен әйелдерде остеопорозға шалдығу қаупі төмен болғанымен, остеопорозы бар адамдарда сыну жиілігі ақ нәсілділермен бірдей. Селлмейердің айтуынша, әйелдерге қарағанда жас ер адамдар сүйектерін жиі сындырады.

3-АҢЫЗ: ҚАРТАЙҒАНША УАЙЫМДАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Сүйек тығыздығы туралы жастар мүлде ойламауы мүмкін, бірақ олардың әдеттері кейін остеопороздың болу-болмауына әсер етеді.

Факті: Әдетте адамдар 20 жасқа дейін сүйектің максималды беріктігі мен тығыздығына қол жеткізеді. Жастық шақта қажетті дене белсенділігі мен қоректік заттарды тұтыну ер жеткенде сүйектердің сынуының алдын алуға немесе азайтуға көмектеседі.

Белгілі бір дәрі-дәрмектерді қажет ететін созылмалы аурумен ауыратын адамдарда уақыт өте келе остеопороздың даму қаупі артуы мүмкін.

Егер сіз жастайыңыздан сүйектеріңіздің денсаулығы туралы ойлап, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастырсаңыз, қартайған шақтағы туындайтын көптеген проблемалардың алдын аласыз.

4-АҢЫЗ: ЖАЛҒЫЗ ҚАУІП - ОЛ СЫНҒАН СҮЙЕК ДЕП ОЙЛАУ

Остеопороз – ауыр дерт және ол кейде өлімге дейін әкеледі.

Факті: Остеопороз жамбастың сүйегінің сынуына әкеледі, Селлмейердің айтуынша, адамдардың шамамен 25%-ы жамбасы сынғаннан кейін алғашқы 6-12 ай аралығында қайтыс болады.

Жамбас буындарын ауыстыру отасы келесідей проблемаларға әкелуі мүмкін:

- аритмия;

- анестезияның асқынуы;

- пневмония;

- жүрек ұстамасы.

5-АҢЫЗ: СҮЙЕКТЕР ҚҰЛАҒАН КЕЗДЕ ҒАНА СЫНАДЫ

Иә, көптеген адамдардың сүйектері құлаған кезде сынады, бірақ басқа да жағдайларға байланысты сынуы мүмкін.

Факті: Кейде күнделікті әрекеттер кезінде де әлсіз сүйектер сынады. "Сүйектері кенеттен сынған адамдар да бар", - дейді Селлмейер. "Бір адамға жүк көлігінің бортынан еңкейген кездегі туындаған қысым сүйектің сынуына жеткілікті болды".

Егер сізде остеопороз болса, сіз жаяу жүрген кезде де стресстік сынық алуыңыз мүмкін.

Селлмейердің айтуынша, кейбіреулер тіпті жамбасы сынған кезде «Мен оны естідім, мен оны сезіндім, бірақ мен құлаған жоқпын" дейді екен.

6-АҢЫЗ: СІЗ СҮЙЕКТЕРІҢІЗДІҢ ӘЛСІРЕГЕНІН СЕЗІНЕ АЛАСЫЗ

Сіз остеопорозға шалдыққаныңызды көре де, сезе де алмайсыз.

Факті: Адамдар сүйекті сындырмайынша остеопороз белгілерін байқамауы мүмкін.

Сіз сүйек тығыздығы нашарлаған кезде сүйектеріңіздің әлсірегенін немесе күнделікті өміріңізде қандай да бір жағымсыз салдардың пайда болғанын сезінбейсіз.

"Бұл «тыныш» дамитын дерт", - деп түсіндірді Селлмейер. "Сіз остеопороздың бар-жоқтығын сүйек тығыздығын тексеру арқылы ғана біле аласыз".

 

7-АҢЫЗ: КЕУЕКТІ СҮЙЕКТЕРДІ КҮШЕЙТУ МҮМКІН ЕМЕС

Селлмейердің айтуынша,"Сүйек тығыздығын алғашқы кездегі тығыздықтан артық арттыру мүмкін емес".

Факті: Дегенмен, сүйекті қалпына келтіруге болады. Остеопорозды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер 3-4 жылдың ішінде сүйек тығыздығын жылына бірнеше пайызға арттырады.

Остеопорозбен ауырған адамдардың сүйек тығыздығын "қалыпты" диапазонға жеткізу мүмкін емес, дейді Селмейер.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Остеопороздың алдын алу үшін кальций мен Д витаминін жеткілікті мөлшерде қабылдап, дене жаттығуларын жасау қажет, сондай-ақ  тиісті профилактикалық күтім мен емдеу остеопороздың асқынуын азайтуға көмектеседі.

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

Жүрек – адамның ағзасындағы ең көп жұмыс атқаратын маңызды мүше. Сондықтан оның саулығына баса назар аудару қажет. Жүрегіңіз ауырмасын десеңіз келесі жариялымда жазылған кеңестерімізге құлақ асыңыз! ...

Отырып тұру төменгі дене мүшелері мен дене тұрқы бұлшықеттерінің күшін арттыру үшін маңызды жаттығу болып саналады. ...

         Біздің ағзамыз 60 пайыз судан тұрады. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.