Барлығына арналған дене белсенділігі

            Дене белсенділігі жан-жақты зерттелгенін және пайдасының дәлелденгенін  біле тұра, көптеген адамдар өздерінің қимыл қозғалысының аздығына сылтау табады.

Сіздердің назарларыңызға ақталудың ең көп таралған 8 түрі мен бұл сылтауларды жеңетін бірнеше шешімдерді ұсынамыз. 

1. Қайдағы машықтану (жаттығу) өзім қатты шаршап тұрғанда

Дене жаттығуларында бір қарама-қайшылық бар: ол физикалық тұрғыдан сізді шаршатады,  ал бірақ сіз бойыңызда бір қуаттың пайда болғанын сезінесіз. Дене жаттығулары кезінде жүрек соғу жиілігі артады соның әсерінен миға, бұлшықеттер мен тіндерге оттегі жылдам жеткізіледі. Бұл өзіңізді жақсы және бақытты сезіндіретін дофамин, серотонин және табиғи эндорфиндер сияқты гармондардың бөлінуіне көмектеседі.

Шешімі: Өзіңізді тым шаршаңқы сезініп тұрған кезде спортпен айналысу үшін, баяу немесе орташа қарқынды жаттығулардан бастаңыз. Серуендеу, велосипед тебу немесе йогамен айналысып көріңіз. Жұмыстан кейін дене жаттығулары шаршататын болып көрінуі мүмкін, ал шын мәнінде ол сізді тыныштандырып, жігерлендіреді.

2. Менің спорт залға баруға мүмкіндігім жоқ

Фитнес абонементі өте қымбат болуы мүмкін, ал оны сатып алу көпшілікке қол жетімсіз.

Шешімі: Фитнес абонементіне қаражат жұмсағанша үйіңізде тренажер залын жасаңыз немесе аулада 30 минуттық серуендеу сияқты қолжетімді шешімдерді іздестіріңіз. Негізі дене белсенділігінің қаражат қажет етпейтін қолжетімді түрлері өте көп.

3. Менің уақытым жоқ     

Бала-шаға, жұмыс және басқа да күнделікті міндеттемелерге байланысты машықтануды күн тәртібіне енгізу уақыт тапшылығын сезінуге байланысты мүмкін еместей көрінеді.

Шешімі: Өзіңіздің күнделікті жұмыс кестеңізден міндеттемелерден бос аз-маз уақыт табуға тырысыңыз. Күнделікті машықтануға алғашқыда 10 минуттан бастаңыз. Келесі аптада 11 минут, ал одан кейін 12 минут уақыт бөліңіз. Көп ұзамай бұл уақыт сіздің күнделікті жұмыс кестеңіздің бір бөлігіне айналады.

4. Маған мотивация қажет

Егер өзіңіздің денсаулығыңыз немесе артық салмағыңыздан арылу дене жаттығуларымен айналысуға жеткілікті себеп болмаса, онда басқа ынталандыратын амалдар мен себептер іздестіріңіз.

Шешімі: Кесте құрып, арнайы қолданбалы бағдарламалар арқылы жаттығуларыңызды бақылап, қол жеткізген әрбір мақсатыңыз үшін өзіңізді марапаттап отырыңыз. Егер сізге массаж жасату ұнайтын болса, ай бойы тиісті жаттығулар санын орындағаныңыз үшін өтеу ретінде массаж салонына баруыңызға болады.

5. Мен жалғыз машықтанғанды ұнатпаймын

Кейде дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу қиынға соғады.

Шешімі: Досыңызға немесе әріптестеріңізге жұмыстан соң сізбен бірге машықтануды ұсыныңыз. Жаттығуларды серіктеспен немесе топпен жасау ынталандырады әрі жүйелендіреді.

6. Мен тез жалығып кетемін, мен үшін спорт қызықсыз

Жалығуды жеңудің бірден-бір жолы – дене дайындығыңыз деңгейіне сәйкес әрі қызықты жаттығу бағдарламасын табу.

Шешімі: Өзіңізге ұнайтын дене белсенділігінің түрін табыңыз. Шығыршықты коньки немесе велосипед теуіп көріңіз. Жүгіретіндер немесе велосипед тебетін әуесқойларының қатарына қосылыңыз. Биге жазылыңыз. Кез келген адамға өзіне ұнайтын әрі қолайлы дене белсенділігінің түрін табуға болады! Уақыт өте келе (өзіңізге мүлде таңсық) дене белсенділігінің жаңа түрлерімен айналысып көріңіз.

7. Мен машықтануға (жаттығуға) жасым тым үлкен/толықпын/ұяламын

Кейде бір нәрселер сізге бөтен немесе ыңғайсыз болғанда одан қашқақтау қалыпты әрекет. Егер сіз өзіңізді тым кәрі, толық немесе ерсі сезінсеңіз, аздап болсын қандай да бір жеңілдеу әрекеттен бастаңыз.

Шешімі: Егер жаттығулар буындарыңызға ауырлық түсірсе, жүзумен айналысып көріңіз.  Велосипед тебу – барлық жастағы адамдарға оңтайлы жаттығу. Егер өз салмағыңыздан ұялатын болсаңыз, достарыңызбен бірге серуендеуден бастасаңыз болады.

Сіз жалғыз емессіз бәрі де осылай бастап, осыдан өткен.

8. Мен кезінде мұнымен айналысқанмын

Егер сіз қол жетімді мақсаттар қоя білсеңіз, өзіңізді сәтсіздікке ұшырағандар емес, жеңімпаздар қатарында сезінесіз.

Шешімі: жаттығулар журналын жүргізіп отырыңыз, оны көзге көрінетін жерде ұстаңыз, журналды үнемі көретін отбасыңыз сізге қолдау көрсетуі әбден мүмкін. Егер де сіздің ынтаңыз әлсірей бастаса, журнал сізге мұны байқауға көмектеседі. Өзіңізге серік табыңыз, егер сізді біреу күтетіндігін білсеңіз, жаттығуға баруыңыз әбден мүмкін.

 

«Жақсы сылтау» әрқашан да табылады. Сондықтан, дене белсенділігіне шығармашылықпен қарап, өзіңізге қолжетімді, жаңа, ең бастысы ләззат алатын дене белсенділігінің түрін іздестіріңіз!

Бұдан былай сылтауларға жол жоқ! Алға! Белсенді бол!

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

Остеопороз - әлсіз, кеуекті сүйектерді тудыратын ауру түрі. Бұл сырқат 50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Сіздермен осы остеопороз туралы таралған аңыздарды жоққа шығарып, фактілермен бөлісетін боламыз. ...

Аймақтарын білу мақсаттарыңызға сәйкес келетін тиімді жаттығулар бағдарламасын жасау үшін өте маңызды ...

Жүрек – адамның ағзасындағы ең көп жұмыс атқаратын маңызды мүше. Сондықтан оның саулығына баса назар аудару қажет. Жүрегіңіз ауырмасын десеңіз келесі жариялымда жазылған кеңестерімізге құлақ асыңыз! ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.