Семіздік – ағзада артық майдың жиналып, салмақтың артуына алып келетін дерт. Көп жағдайда семіздік артық тамақтанып (90% жағдайда), аз энергия жұмсағаннан (аз қозғалысты өмір салты) және зат алмасуының бұзылуынан болады.
Семіздік дәрежесі дене салмағының индексімен (ДСИ) анықталады. ДСИ келесі формуламен есептеледі: дене салмағы (кг) / шаршымен есептелген бойдың ұзындығы (см/м).
Қалыпты ДСИ = 18,5-тен 25 кг/ кг/ м²-ге дейін.
Мысалы: салмақ – 50 кг, бойдың ұзындығы – 1,60 м².
50 /25 600 = 0,0019 (қалыпты ДСИ).
Семіздік дәрежелері:
Семіздіктің бастамасы. Қалыпты жағдаймен салыстырғанда 25-29,9% артық салмақтың болуы. Бастапқы түрі болғандықтан, семіздіктің негізгі симптомдары жоқ. Бұл жағдайда дұрыс тамақтану және дене шынықтырумен айналысу арқылы қайта қалыпқа келуге әбден болады.
1-ші дәржелі семіздік. 30-34,9% артық салмақтың болуы. Сырт көзге көрінеді. Ісіну, тершеңдік, ентігу және т.б. семіздіктің алғашқы белгілері пайда болады. Бұл кезеңде артық салмақпен күресу шараларын қолға алу қажет.
2-ші дәрежелі семіздік. 35-39,9% артық салмақтың болуы. Осы кезеңде денеде айтарлықтай май жиналғаны көрінеді. Семіздік белгілері пайда болып, еңбек қабілеті мен дене белсенділігі төмендейді. Осы уақытта артық салмақтан арылуды бастамаса, ол 3-ші дәрежеге оңай айналады.
3-ші дәрежелі семіздік. 40% және одан аса артық салмақ болады. Бұл кезеңде семіздіктің барлық белгілері: тіпті аса қимылдамаса да ентігу, аяқтың ісінуі, бас аурулары, жүрек-тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы және т.б. анық көрінеді. Адамның қимыл-әрекеттері қиындайды. Сондықтан эндокринолог пен диетолог мамандарына қаралып, емделу қажет!
Артық салмақ пен семіздіктің қалай алдын алуға болады?
Майлы, тәтті және ұнды тағамдарды аз тұтынып, көкөністер мен жемістер, дәрумендер мен минералдардың мөлшерін көбейту қажет. Аз-аздап, кішкентай порциямен тамақтанған дұрыс. Оған қоса, соңғы рет ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын тамақтану қажет.
Дұрыс диетаны ұстану үшін диетолог маманның кеңесіне жүгінген жөн. Семіздікті емдеу процесін асқындырып, денсаулыққа кері әсерін тигізетіндіктен ашығып, әрі сәйкес келмейтін диетаны ұстанбаған дұрыс.
Дене шынықтырумен айналысу үшін спорт залына бару міндетті емес. Ең болмаса таңертеңгілік жаттығуларды күнделікті жасау қажет. Оған қоса таза ауада серуендеу, велосипед тебу, волейбол, футбол секілді ойындар ойнау пайдалы. Бірден ауыр жүктемеден бастамау керек, дене белсенділігінің уақытын, жиілігін ақырындап арттырған дұрыс.
Артық салмақтан арылу үшін келесі ұсынымдарды ұстану қажет:
- күнделікті аш қарынға 1 стақан жылы су ішу;
- қара шайдың орнына көк шай ішу;
- көкөністер-жемістер және түрлі шөптер тұтыну;
- тамақты суға, буға және тоқ пеште пісірген абзал (қуырылған тағам болмайды);
- аптасына бір рет жеңіл тамақтану;
- дене белсенділігімен айналысу.
Әрдайым қажетті салмақты ұстанып, семіздіктің алдын алудың негізгі ережелері: дұрыс тамақтану, қажетті уақыт ұйықтау, салауатты өмір салтын ұстану және жаман әдеттерден бас тарту. Бұл қағидалар тек салмақты тұрақтандырып қана қоймай, денсаулықты жақсартып, белсенділікті де арттырады.
Ең бастысы дене шынықтыру жаттығуларына уақыт бөлуді естен шығармаңыздар. Дене белсенділігі мен спорт әлемінде әрбір адам үшін орын бар!
Дайындаған: Индира Даулетбекова
Аударған: Әсел Рахметова