Зейнеткерлерге арналған дене белсенділігі

       Қазіргі таңда адам өмірі айтарлықтай «жайлы» болып келеді... автокөлік, лифт, интернет дүкендер және т.б. Алайда, дәл осындай өмір салты қазіргі заман проблемаларының бірі болып саналатын, қозғалыстың аздығына әкеліп соқтырады.

 Яғни, біздің ата-аналарымызға, әжелер мен аталарымызға тіпті үйден шығудың қажеттілігі жоқ....

 Жасы ұлғайған сайын адамның қозғалуға деген ынтасы аз болады: «Көше тайғақ, құлап қалармын далаға шықпай-ақ қойсам қайтеді?», «Бізге қажеттінің барлығын балалар (немерелер) әкеліп береді»... осылайша, қарт ата-аналарымыздың барған сайын қозғалысы азая түседі, ал бұл көпшілігімізге ыңғайлы.

Бірақ, осының салдарынан жүрек-қан тамыр жүйесінің проблемалары, арқа мен буынның ауырсынуы, артық салмақ, бұлшықеттердің гипотрофиясы пайда болады.

Адам зейнет жасына жеткен бойда, оның қозғалыссыз өміріне «жағдай» жасамай, керісінше, белсенді өмір салтын ұстануына бағыттауымыз керек.

Жақындарымыздың қозғалыста болуы – олардың денсаулығы мен әл-ауқатының жақсы болуының кепілі.

Ал, Сіздерге, зейнет алды және зейнет жасындағы ханымдар мен мырзалар көбірек қозғалыста болу қажет.

Дене шынықтыру және спорт – егде жастағы адамдардың белсенді болуы мен денсаулығына ең оңтайлы құрал болып табылады.

Дене шынықтыру және спортпен айналыспас бұрын дәрігермен кеңесу қажет.

 

Маңызды ескерту:

· Әр адамның өзіне тән ерекшелігі бар, сондықтан машықтану кезінде оңтайлы қарқын мен көлем таңдап, жүктеме көлемін жаймен арттырыңыз.

· Ыңғайлы аяқ-киім мен киім-кешекті таңдаңыз;

           · Таңдалған спорт түріне қажетті қорғаныс жабдықтарын қолданыңыз.

Дене белсенділігін бастау

1. Дене белсенділігін таңғы гимнастикадан немесе кешкі серуеннен бастауға болады, бұл бірсарынды болып көрінгенімен, күнделікті дене белсенділігінің бір бөлігі болуы тиіс!

2. Дартс ойыны

Дартс ойыны қозғалыс үйлесімділігін дамытуға  және мидың дамуына ықпал етеді.

3. Аквааэробика

Судағы аэробты жаттығулар - дене белсенділігінің қауіпсіз әдісі. Және жүзу білу міндетті емес, өйткені жаттығулар хауыздың (бассейн) саяз жерінде жасалады.

4. Бейне ойындар

Егер бейне ойындар тек жасөспірімдерге арналған және денсаулыққа ешқандай пайдасы жоқ деп ойласаңыз, бұл пікіріңіз қате.

Қазіргі кезде белгілі бір деңгейдегі дене белсенділігін қажет ететін көптеген бейне ойындар бар. Ең жақсы мысалдардың қатарына Wii Bowling немесе Wii Tennis ойындарын жатқызуға болады.

Сіз бұл ойындармен үйіңізден шықпай-ақ шұғылданып, тіпті Wii ойынының кезекті кезеңіне немерелеріңізді шақыра аласыз! 

 Бірақ ойынға 2-3 реттен көп қосылмаған дұрыс!

 

Дене белсенділігі жақсы қартаю жолдарының бірі!

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

       Қазіргі таңда адам өмірі айтарлықтай «жайлы» болып келеді... автокөлік, лифт, интернет дүкендер және т.б. Алайда, дәл осындай өмір салты қазіргі заман проблемаларының бірі болып саналатын, қозғалыстың аздығына әкеліп соқтырады. ...

           Қарапайым жаттығулар егде жастағы адамдар үшін күнделікті өмірдің маңызды бөлігі бола алады. ...

Емдік денешынықтыру (ЕДШ) – бұл қажетті жүктемелер мен сауықтыру жаттығулар кешені. Мұндай сабақтар жүйке, қан-тамыр, тыныс және тірек-қимыл секілді ағзаның маңызды жүйелеріне оң әсерін тигізеді. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.