Зейнеткерлерге арналған дене белсенділігі

Емдік денешынықтыру (ЕДШ) – бұл қажетті жүктемелер мен сауықтыру жаттығулар кешені. Мұндай сабақтар жүйке, қан-тамыр, тыныс және тірек-қимыл секілді ағзаның маңызды жүйелеріне оң әсерін тигізеді.

Дене шынықтыру әр адамның өмірінде маңызды роль атқарады, ал тұрақты ЕДШ сабақтары қарт адамдар үшін кешенді оңалтудың бір бөлігі болып табылады.

Ағзаның тез немесе баяу қартаюының негізгі факторы, әсіресе, қарттық шақта, дене белсенділігінің аздығы. Өмірді барынша ұзартуға болады, әрі керек те. Зейнетке шыққаннан кейін де өмірдің мәнін жоғалтпаңыз.

Дене шынықтыру және спортпен айналысуды неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым көбірек қуат жинап, еш аурулар белгісінсіз толыққанды өмір сүруге ұмтыласыз!

Сіздер үшін таңдалған негізгі жаттығуларға назар аударыңыздар!

1) Басты еңкейту

Орта және егде жастағы адамдарға басты шалқайту ұсынылмайды.

2) Йықты айналдыру

Қолдарды йыққа қойып, алға 4 рет, артқа 4 рет айналдыру. 5-7 рет қайталау.

3) Бөксені айналдыру

Бөксені алдымен солға қарай бір - екі - үш - төрт, содан кейін оңға – бес - алты - жеті-сегіз дөңгелете айналдыру. 5-7 рет қайталау.

4) Тізе буынын жаттықтыру

Қолды тізеге қойып жартылай отыру, арқаны тік ұстау. 3 рет қайталау.

5) Аяқ ұшын созу

Аяқты түсірмеу қажет. 6-8 рет қайталау, одан соң өкшені ішке және сыртқа айналдыру.

6) «Қайшы» жаттығуы

Жаттығуды 6–8 рет қайталау. Бұл пресске арналған жаттығу.

7) Бүгілген аяқты кеудеге тарту

Бұл жаттығуды аш қарынға жасаған абзал. Оң аяқты бүгіп кеудеге тарту, 2 секунд ұстау. 8 реттен екі аяққа кезек-кезек жасау. 8-12 рет қайталау.

8) «Жүзу» жаттығуы

Құлаштап «жүзу». 1-ден 4-ке дейін алға, одан соң артқа қарай жүзгендей әрекет ету. Қолдарды жылдам қимылдату қажет.

9) Еңкею

Бұл жаттығуды 5-6 рет қайталау

10) Денені бұру

Денені оңға және солға 2 реттен 8-ге дейін бұру. 6-8 рет қайталау.

11) Екі жанына еңкею

Екі жаққа 2 реттен 8-ге дейін жасау.

 

Зейнеткерлік жас — дене шынықтырудан бас тартатын себеп емес. Алайда оның түрін таңдауда абай болған жөн, созылмалы ауруларды және дененің қаншалықты дайындығын ескеру қажет.

Естеріңізде болсын, шыдамдылық танытқан жағдайда ғана көздеген мақсатқа қол жеткізесіз! Жасыңызға қарамастан өмір алда екенін ұмытпаңыз, ал оны қалай өткізу тек өзіңізге байланысты!

 

                                                                                                            Дайындаған: Индира Даулетбекова

                                                                                                            Аударған: Әсел Рахметова

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

Емдік денешынықтыру (ЕДШ) – бұл қажетті жүктемелер мен сауықтыру жаттығулар кешені. Мұндай сабақтар жүйке, қан-тамыр, тыныс және тірек-қимыл секілді ағзаның маңызды жүйелеріне оң әсерін тигізеді. ...

           Қарапайым жаттығулар егде жастағы адамдар үшін күнделікті өмірдің маңызды бөлігі бола алады. ...

       Қазіргі таңда адам өмірі айтарлықтай «жайлы» болып келеді... автокөлік, лифт, интернет дүкендер және т.б. Алайда, дәл осындай өмір салты қазіргі заман проблемаларының бірі болып саналатын, қозғалыстың аздығына әкеліп соқтырады. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.