Адамдардың көпшілігі жүрек-қан тамырлары жұмысын жақсартатын жаттығулар (кардио жаттығулар) туралы ойлағанда, ең алдымен ойға жүгіру, велосипед тебу немесе жүзу келеді.
Ия, бұл жүрек соғу жылдамдығын арттырудың керемет тәсілдері, бірақ бәріне ұнай бермейді. Кардио жаттығулар сіздің салауатты өмір салтыңыздың негізгі бөлігі болуы керек.
Егер сіз жаттығу режиміне кардионы көбірек қосқыңыз келсе, өз аймағыңызда машықтанып жүрген кәсіпқой спортшылар мен марафоншылардан қорықпаңыз. Жүрекке пайдалы машықтану дегеніміз ол міндетті түрде бірнеше сағат жүгіру деген сөз емес. Кардиодан ләззат алудың көптеген қызықты, креативті шығармашылық тәсілдері бар.
Кардио жаттығуы не үшін керек?
Кардио жаттығулар дегеніміз жүрек соғу жиілігін жоғарлататын және оны ұзақ уақыт сақтайтын кез-келген жаттығулар. Сіз жиі және тереңірек дем ала бастағанда тыныс алу жүйесі қарқынды жұмыс істей бастайды. Қан тамырларыңыз бұлшықеттеріңізге көбірек оттегін жеткізу үшін кеңейеді, ал денеңіз табиғи ауырсынуды басатын, әрі бақытты сезіндіретін гармон (эндорфин) бөле бастайды.
Бұл жаттығудың ағза үшін пайдасы шексіз сияқты.
Салмағыңызды қадағалау: аптасына 150 минуттық орташа қарқынды кардионың салмағыңызды сақтауға көмектесетіні туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар.
Жүрек-қан тамырлары ауруынан аулақ боласыз: зерттеулер көрсеткендей, кардио жаттығулары жүрек соғу жылдамдығын жоғарылату арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Көңіл-күйді жақсартасыз: бұл сіз үшін таңғалатын нәрсе емес шығар, бірақ зерттеулер кадио жаттығулардың көңіл-күйді жақсарту мен бақытты сезінудегі рөлін дәлелдеді. Өйткені кардио жаттығу эндорфиндердің бөлінуін арттырады.
Ұзақ өмір сүріңіз: кардио жаттығулар ұзақ өмір сүру кепілдігінің бірі болып табылады.
Кардио жаттығуларының қарапайым түрлері:
1. Секіртпе
Бала күніне кейін секіртпемен секірген жоқ шығарсыз. Олай болса, бүгін өзіңізге секіртпе сатып алыңыз! Бұл кардио жаттығуды кез-келген жерде және кез-келген уақытта жасауға болады. Өзіңіздің сүйікті әуеніңізді қосып қойып секіре беріңіз.
Секіртпені чемодан немесе сөмкеңізге салып алып, бос уақытыңыз болған кезде секіріп, аптасына 150 минут қағидасын оп-оңай орындай аласыз.
2. Би
Би - бұл тер шығару мен кардио жаттығудың тамаша тәсілі. Билеу тек зумба немесе кәсіби бимен айналысу деп ойламаңыз, оған үй бөлмесі де жеткілікті. Музыканы қосып, барынша билеңіз, ебедейсіз қимылдар болсада ештеңе етпейді.
3.Ұйымдастырылған спорт түрі
Сіз, өзіңізді "спорт адамымын" деп санамайтын болуыңыз мүмкін, бірақ сіз сияқты адамдар спортта жеткілікті. Сондықтан өзіңіз сияқты футбол, баскетбол немесе басқа спорт түрлерімен айналысатын адамдарды ауладан немесе спорт залдардан іздестіріңіз. Мүмкін сіз өзіңізге қызығушылықтарыңыз бір дос немесе достар тауып аласыз.
4. Жүру
Кардио жаттығуымен айналысу үшін, арнайы дайындық қажет емес. Далаға шығыңызда жүріңіз, 10 минуттық жаяу жүру жүрек және жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Уақыт өте келе жүру уақытын және жылдамдықты арттырыңыз.
5. Бокс
Біз Ермахан, Бақтияр, Серік бола алмаймыз, бірақ деніміз сау болу үшін бокс спорт түрін қолдана аламыз. Айна алдындағы 30 минуттық бокс кезінде 400 ккал жұмсалады.
6. Батутта секіру немесе жай секіру
Егер сіздің аулаңызда үлкен үрмелі батут болса, бұл керемет! Секіру және ойнау көңілді болғанымен, өте пайдалы.
Егер үрмелі батут жоқ болса, онда үйіңізге жинақы батутты ала аласыз. Ондай мүмкіншілік болмаса қапа болмаңыз, өзіңіздің сүйікті әуендеріңізді қосып жай секірсеңіз. Жай секіру жүрек соғу жиілігін арттырады. Сонымен қатар, бұл жаттығуды кез-келген жерде жасай аласыз. Таңертең үйде басап, жұмыста үзіліс қажет болған жағдайда жасаңыз.
7. Жаяу серуендеу
Табиғатта серуендеуді ұнатасыз ба? Жаяу серуендеу денсаулықты жақсартудың тамаша тәсілі. Таза ауада серуендеу сіздің жүрек-қан тамырларыңыздың жұмысын жақсартумен қатар, өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі.
8. Шығыршық (Обруч немесе Хула-Хуп)
Әрине, сіз мұны кішкентай кезіңізде істегеннен кейін, қазір істемейтін шығарсыз, бірақ оны істеуге не кедергі? Бөксені айналдыру жүрек соғу жиілігін арттырады және негізгі бұлшықеттерде нығайтады.
9. Баспалдақпен көтерілу
Баспалдақпен көтерілу - жүрек соғу жиілігін арттыруға және тер шығаруға арналған тамаша тәсіл.
Қорытынды
Жүрек-қан тамырлары жүйесі жұмысын жақсартатын жаттығулары салауатты және ұзақ өмір сүрудің негізгі бір бөлігі. Бірақ бұл кардио жаттығуларды үнемі жасау керек дегенді білдірмейді. Есіңізде болсын, егер сіз ақылға сала отырып, шығармашылық таныта білсеңіз, жүрек соғу жиілігін арттырудың көптеген жолдары бар.
Кез-келген дене белсенділігінің маңызды бөлігі - ол өзіңізге ұнайтын дене белсенділігін табу. Егер ол сізге ұнаса және оңтайлы болса, оны үнемі ұстануыңыз ықтимал. Сондықтан эксперимент жасаңыз, жаңа нәрселерді көріңіз және терден қалай ләззат алуға болатынын анықтаңыз.