Медитация – ойды жинақтау мен бағыттау үшін миды машықтандырудың дағдылы процесі.
Күннен-күнге көптеген адамдар медитацияның артықшылықтарына көз жеткізе бастағандықтан, оның танымалдылығы артып келеді.
Сіз оны өзіңіз және қоршаған ортаңыз туралы көбірек хабардар болу үшін қолдана аласыз. Көптеген адамдар мұны күйзелісті төмендету және зейінді жақсарту тәсілі деп санайды.
Сонымен қатар, адамдар бұл тәсілді қақсау мен сыздауға төзімділікті арттыру үшін, позитивті көңіл-күй, дүниетаным, өзін-өзі тәрбиелеу және сапалы әрі жеткілікті ұйқы сияқты пайдалы әдеттер мен сезімдерді дамыту үшін пайдаланады.
Медитацияның түрлері көп, олардың көпшілігі арнайы жабдықтарды немесе орынды қажет етпейді. Медитациямен күніне бірнеше минут айналысу да жеткілікті.
Сонымен, неге сіз медитация жасауыңыз керек?
Медитацияның денсаулыққа тигізетін 11 түрлі пайдасын назарларыңызға ұсынамыз.
1. Күйзелісті азайтады
Күйзелісті азайту - бұл адамдардың медитациямен айналысуының кең таралған себебі болып табылады.
Әдетте, күйзелістер кортизол атты күйзеліс гармоны деңгейінің өсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде күйзелістің көптеген зиянды салдарын тудырады, дәлірек айтсақ, ұйқыға кедергі келтіреді, депрессия мен мазасыздық тудырады, қан қысымын жоғарылатады, шаршау мен ойлаудың көмескіленуіне ықпал етеді.
2. Мазасыздықты қадағалайды
Күйзелістің азаюы, мазасыздықты азайтады.
Сонымен қатар, медитация үлкен жүктеме жағдайындағы жұмыспен байланысты мазасыздықты бақылауға көмектеседі.
3. Эмоционалды денсаулықты нығайтуға ықпал етеді
Медитацияның кейбір түрлері өзін-өзі бағалауды жоғарылатып, өмірге позитивті көзқараста болуға әкеледі.
Көптеген зерттеулер медитация жасау әдетке айналғанда, оның артықшылықтарын ұзақ уақыт бойы сақтауға болатындығын көрсетті.
4. Сана-сезімді жоғарылатады.
Медитацияның кейбір түрлері өзіңізді жақсы түсініп, іштей өсуіңізге көмектесе алады.
Мысалы, өзін-өзі талдау медитациясы сізге өзіңізді және басқалармен қарым-қатынасыңызды жақсы түсінуге көмектесуге бағытталған.
Ал басқа түрлері зиянды немесе сәтсіздікке ұшырататын ойларды анықтауға үйретеді. Яғни, негізгі идея - адам неғұрлым өзінің ойлау дағдыларын жақсы түсінесіз, соғұрлым өз ойын конструктивті модельдерге бағыттай алатындығында.
5. Зейінді арттырады
Зейін сала отырып медитация жасау сіздің зейініңіз үшін ауыр жүк көтергенмен бірдей. Бұл сіздің зейініңіздің күші мен төзімділігін арттыруға көмектеседі. Қысқа медитацияның өзі пайдалы, мысалы төрт күндік медитацияның өзі жақсы нәтиже береді.
6. Жасқа байланысты есте сақтау қабілетінің төмендеуін азайтуы мүмкін
Зейіннің жақсаруы мен ойдың анықтығы ақыл-ойыңыздың саулығына көмектеседі.
Медитация жасқа байланысты есте сақтау қабілетінің қалыпты төмендеуімен күресуден басқа, азда болсын ақыл-есі кем (деменциясы бар) адамдардың есте сақтау қабілетін жақсарта алады. Бұл сондай-ақ деменциясы бар отбасы мүшелеріне күтім жасаушылардың күйзелісін азайтып, өмірін жақсартуға көмектеседі.
7. Мейірімділікті тудырады
Медитацияның кейбір түрлері өзіңізге және басқаларға қатысты позитивті сезімдерді ерекше күшейте алады.
Метта, мейірімділікке деген махаббат медитациясы ретінде танымал медитация түрі, адамның өзіне қатысты жақсы ойлар мен сезімдерді дамытудан басталады.
Метта басқаларға деген позитивтілікті, аяушылық пен жанашырлықты арттырады.
8. Зиянды тәуелділікпен күресте көмектесе алады
Сіз медитация арқылы дамыта алатын ақыл-ой тәртібі өзін-өзі бақылауды арттыру және тәуелділікті тудыратын факторларды ұғыну арқылы тәуелділіктен арылуға көмектеседі.
Медитация адамдарға өз зейінін қайта бағыттауға, ерік-жігерін арттыруға, эмоциялар мен импульстарды басқаруға және аддиктивтік (тәуелділік, жаман әдет) мінез-құлқының себептерін түсінуді жақсартуға көмектеседі.
Медитация артық тамақтануды (көп жеу) бақылауға көмектеседі.
9. Ұйқыны жақсартады
Қазіргі таңда адамдардың көбісі ұйқысыздыққа шалдыққан.
Медитацияны меңгеру көбінесе ұйқысыздыққа әкелетін «сусымалы» ойларды басқаруға немесе бағыттауға көмектеседі.
Сонымен қатар, медитация денеңізге түскен күшті жеңілдетіп босаңсытады және сізді тыныштық күйіне түсіре отырып ұйықтап кетуге жағдай жасайды.
10. Ауырсынуды бақылауға көмектеседі
Ауырсынуды сезіну сіздің ішкі жан дүниеңіздің жағдайына байланысты, күйзеліс кезінде күшеюі мүмкін.
Медитация, мидың ауырсынуды сезуін азайтуы мүмкін. Бұл медициналық көмек немесе физиотерапияда қосымша ретінде қолданылған кезде созылмалы ауырсынуды емдеуге көмектесуі мүмкін.
Уақыт өте келе жоғары қан қысымының себебінен жүрекке қанды айдау қиынға түсе бастайды, ал бұл жүрек жұмысының нашарлауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Жоғары қан қысымы атеросклероз немесе артерияның тарылуына ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде жүрек ұстамасы мен инсультқа әкелуі мүмкін.
Ал, медитация жүрекке түсетін жүктемені азайта отырып, денсаулықты жақсартады.
Қан қысымы тек медитация кезінде ғана төмендеп қоймай, жүйелі түрде медитация жасайтын адамдарда уақыт өте келе қалпына келеді.
Ең бастысы дене жаттығуларына көңіл бөлуді ұмытпаңыз.