Барлығына арналған дене белсенділігі

 Салмақ түсіру, қосу немесе денсаулықты жақсарту үшін қанша тамақтану керектігін білгісі келетіндерге көптеген мамандар қолды пайдаланып, тамақ порцияларын анықтау әдісін ұсынады. Сізге осы әдісті игеру үшін нұсқаулықты ұсынамыз.

Сіздің қолыңыз, порциялау құралы 

Тәжірибе көрсеткендей, қолмен алынған порциялар таразымен өлшеген порциялармен салыстырғандағы салмағы шамалас келеді (95%-дай). Калория мен макроэлементтерді бақылау үшін қолданатын көптеген қолданбалардағы айырмашылық шамамен 20%-дай, ал біз ұсынып отырған әдістің айырмашылығы шамамен 5%.

          Сонымен қатар бұл әдіс ақуыз, көмірсулар мен майларды және калорияларды есептейді.

          Төмендегі кестелер тағам мөлшерінің қалай көрінетінінен түсінік береді.

Төмендегі кестелерде сіз әр порцияда шамамен қанша грамм ақуыз, көмірсу, май және калория бар екенін көре аласыз.

Қолмен порцияларды анықтау әдісі қойған мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі (дене бітіміңізді өзгертуде).

Күніне қанша порция жеу керек?

Әр түрлі

Бәріне сәйкес келетін әмбебап ұсыныс жоқ, біз сіздерге жалпы нұсқаулар береміз:

Әр тамақтану кезінде 1-2 алақан ақуыз тағамдары

Әр тамақтану кезінде 1-2 жұдырық көкөніс

Тамақтың басым бөлігінде 1-2 уыс көмірсулар

Әр тамақтану кезінде 1-2 бас бармақ май

Әрине, мақсаттарыңызға байланысты нұсқауларға өзгеріс енгізуге болады.

Мен бұл әдісті палео, кето және басқа диеталармен қолдана аламын ба?

Тамақтану стиліне қарамастан, жауабы ИӘ.

Көмірсуы аз тағамдарды қаласаңыз, порцияңызды сәйкесінше реттей аласыз. Тек бір бөлігін екіншісімен ауыстырыңыз. Мысалы, сіз майы аз диетаны таңдайсыз және күніне төрт рет тамақтанасыз делік. Осыдан екі тамақтану кезінде майдың көп мөлшерін алып тастап, оның орнына қосымша көмірсулар қосуға болады.

Қол порциялары жүйесі математикалық есептеуді талап етпей-ақ, кез келген тамақтану стиліне бейімделеді.

Порцияларды тағам дайындалғанға дейін немесе дайындалғаннан кейін өлшеу керек пе? Жауабы: екеуінде де.

Қол порциялары тамақты дайындауға емес, жабдықтауға (сервировка) арналған. Пісірілетін тағамдарды, пісіргеннен кейін бағалаңыз (мысалы, ет, макарон, күріш). Пісірілмейтін тағамдарды сол күйінде бағаланады. Пісірілген және пісірілмеген тағамдар арасындағы калория айырмашылығы тек бодибилдерлер сияқты эстетикалық мақсаттары  жоғары адамдар үшін маңызды.

Осылайша, қол порцияларын кез келген жерде: үйде, мейрамханада, буфетте, конференцияларда, қонақта және кеңседе пайдалануға болады.

ҚОЛ КӨМЕГIМЕН ПОРЦИЯЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДIСI КӨПШIЛIККЕ ЖАРАМДЫ. ЕРЕКШЕЛІКТЕР ƏРҚАШАНДА БОЛАДЫ, БІРАҚ БӘРІНЕ БІРДЕЙ КЕЛЕТІН ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҚСЫ ТƏСІЛІ ЖОҚ.

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

            Тұрақты жаттығулар – сіздің өз денсаулығыңыз үшін жасай алатын ең жақсы амалдардың бірі. Жаттығуларды бастағаннан кейін көп ұзамай, сіз дене белсенділігінің ағзаңыз бен денсаулығыңызға тигізетін пайдасын көре және сезіне бастайсыз. Алай...

Осы сюжетте дәрігер-реабилитолог және кинезиолог жарақат кезіндегі дене белсенділігінің ролі жөнінде айтады. Сонымен қатар уақалау дегеніміз не және қандай жағдайларда оны жасауға болатындығы жайлы білесіздер. Дайындаған: Әсел Рахметова...

        Өткен жолы біз «отырма аурудың» шипасы туралы сөз қозғағанбыз және келесі жарияланымдарда онымен күресудің әртүрлі тәсілдері туралы айтуға уәде бердік. Міне сол уәде бойынша бүгін жаяу жүрудің пайдасы туралы жан-жақты әңгімелеп беремін. ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.