Физическая активность для всех

         Варикоз -  аяқтағы қан тамырларының түйінделіп кеңеюі.

Тамырлардың түйнеліп кеңеюінің негізгі себебі - генетикалық бейімділік. Бұдан басқа бірнеше қауіпті факторлар бар. Оларға:

· семіздік;

· жүктілік;

· гармонды немесе бала көтертпейтін толықтырушы ем қабылдау салдары;

· жас мөлшері;

· ұзақ отыру және ұзақ  тұру.

 

Тамырлардың түйнеліп кеңеюінің пайда болуына жол бермейтін әдіс бар ма?

Өкінішке орай, жоқ! Алайда, тамырлардың түйнеліп кеңеюінің асқынып кетуіне жол бермеуіңізге болады. Тамыр проблемаларын мүмкіндігінше кейінге қалдыру үшін сіз салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсендігімен айналысу керек.

1. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз

 Семіздік. Тамырлардың түйнеліп кеңеюіне жол бермеу үшін артық салмақтан арылу керек. Артық салмақ аяқтағы тамырларда қан және лимфа айналымын нашарлатады.  Ең маңыздысы дұрыс тамақтану. Тұзы көп тамақтан аулақ болып, талшығы (клетчатка) көп тағамдарды тұтыныңыз. Жеткілікті мөлшерде су ішіңіз, сонда қан айналымы жақсы болады.

 

2. Жаттығулар сіздің күнделікті өміріңіздің бір бөлігі болуы керек

Тамырлардың түйнеліп кеңеюінің алдын алу үшін ең пайдалы жаттығу ол серуендеу (жүру).

Йогада жақсы әдістердің бірі. Көбіне аяқтарыңыз жүрек деңгейінен жоғары болатын қалыптарын (поза) қолданыңыз. Мысалы, баста тұру, «соқа» және «май шам» қалыптары жатады.

Йога балтырдың тереңде жатқан бұлшықеттері мен тізе асты сіңірлерді созып, сергітуге көмектеседі. Тереңде жатқан бұлшықеттер белгілі бір дәрежеде көктамырлар қақпақшаларының дұрыс жұмыс істеуіне ықпал ете алады. Созылу мен сергітетін қалыптарға «ит», еңкейетін қалыптар мен «күнмен сәлемдесу» жатады.

Басқада пайдалы жаттығулар, ол велосипед тебу және жүзу.

 

3.  Ұзақ уақыт отыру немесе тұрудан аулақ болыңыз

Ұзақ отырып немесе тік тұрып жұмыс істеу аяқтағы көктамырларда қан жүруін қиындатады. Бұл көктамырлардағы қысымның жоғарылауына,  тобықтың айналасында қан жиылуына, аяқ-басы мен балтырдың ісінуіне және ауырсынуына әкеледі.

Қозғалыс көктамырлардағы қысымды төмендетіп, қан айналымын жақсартады.

Егер сіз үстелде басында ұзақ отырып қалсаңыз, бірнеше шағын жаттығуларды орындауға кеңес береміз, мысалы:

 

Күніне, кем дегенде 15 минуттан үш рет, аяғыңызды жоғары көтеруге тырысыңыз. Нәтижесінде қан айналымы жақсарып, тобық пен балтырдың ісінуі азаяды.

 

4. Компрессиялық трикотаж кию

Компрессиялық трикотаж шұлықтары көктамыр қақпақшаларын дұрыс қалыпта ұстауға көмектеседі. Бұл көктамырдың дұрыс қызмет етуін жеңілдетеді және қан жиналу, ісіну мен ауырсынуын азайтады.

Компрессиялық шұлықтар әр түрлі болады: жеңіл, орташа, жоғары және өте жоғары компрессиялы. Сатып алмас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.

 

5. Жүктілік

Әдетте әйелдерде жүктілік кезіндегі тамырлардың түйнеліп кеңеюі өте жиі кездеседі. Біріншіден, жүктілік кезінде ағзада гормондық өзгерістер орын алады.

Жүкті әйелдерге сол жақ қырына жатып ұйықтау тамырлардың түйнеліп кеңеюін болдырмауға, ал тамырлардың түйнеліп кеңеюі болған жағдайда оның симптомдарын жеңілдетеді.

Бұл кеңейіп келе жатқан жатырдың, жамбас тұсының оң жағында орналасқан үлкен көктамырға түсіретін қысымды жеңілдетуге көмектеседі.

 

Тамырлардың түйнеліп кеңеюінің болашағы қандай?

        Уақыт өте келе көктамырлардың қақпақшалары әлсірейді, бұл тамырлардың түйнеліп кеңеюінің нашарлауына әкеледі. Бірақ дұрыс тамақтану, жүйелі түрде дене жаттығуларын жасау, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу және қан қысымын қалыпты ұстап тұру - сіздің өз қолыңызда.

    поделиться
Добавить комментарий

Похожие статьи

           Любая тренировка должна включать в себя разминку и заминку. ...

        Организму для нормальной работы необходимы три основные группы питательных веществ: белки, жиры и углеводы. При этом, чтобы обмен веществ не замедлялся, белки, жиры и углеводы должны поступать в организм в определенных пропорциях. ...

  В 2023 году проведено социологическое исследование на тему «состояние и перспективы развития физической культуры и массового спорта в Республике Казахстан». ...

Заниматься спортом теперь стало легче!
При помощи нашей базы данных, вы сможете быстро найти удобное место - от парков до игровых площадок, для физической активности и спорта.