Физическая активность для всех

         Біздің сергектігіміз ұйқы сапасына байланысты болады, яғни біздің денеміз түнде қалай демалса, күндіз солай қызмет атқарады.

Дұрыс ұйқы мен ұйықтар алдындағы тамақтану туралы бір-екі ауыз сөз...

Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз — тағам мен сусынды талғау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.

Абу Али Хусейн Ибн Сина

Дұрыс ұйқы - бұл әдемі көңіл-күйдің, әл-ауқаттың әрі сіздің сұлулығыңыздың кепілі. Сондықтан «ұйықтар алдында тамақ ішпеу керек» деген қағиданы іске асырған абзал.

Алайда  ұйықтар алдында жүрек жалғап алғысы келіп тұрған адам еріксіз тамақтанып алуы ғажап емес. Өкінішке орай, көпшілік ұйықтар алдында, ағзаға зиян тағамдарды жегісі келеді.

Қатты өнделген тағамдар (колбаса, гамбургер, қытырлақ картоп, пицца) асқазанға ауырлық түсіреді және ұйықтауыңызға кедергі келтіреді. Сондықтан өзіңді жақсы сезінбеуің әбден мүмкін, бұл дегеніміз өз денсаулығыңа немқұрайлы қарау деген сөз. Түңгі уақытта қарыныңыздың ашуы, күні бойы жеткілікті тамақтанбағаныңызды білдіруі мүмкін.

Кешкі астың негізгі ережелері. Ұйқыға дейін бірнеше сағат бұрын тамақтануға тырысыңыз, бұл ағзаға ас қорытуға уақыт береді. Пайдалы және оңай қорытылатын тағамдарды таңдаған дұрыс.

Егер осы ережелер сақталса, артық салмақ пен ұйқысыздықтың орнына, денені қажетті дәрумендер және минералдармен қамтамасыз ету арқылы сымбатты денеге ие бола аласыз.

Осы жерде даналардың келесі ұлағатты сөздерін келтірген жөн деп санаймын:

«Саулық тілесең - көп жеме» - Әлішер Науаи

«Саулығымды сақтаймын десең аз же, бірақ уақытылы же - Саиф Сарин

Ертеде айтылған «Ауру - астан», «Дәрінің ең жақсысы - аз тамақ», «Қарын дерттің үйі», «Қомағайлық - зұлымдық» деген дана сөздер бекер айтылмаған шығар.

Егер түнге таман қарыныңыз ашса, тамақтанып алыңыз және оны саналы түрде жасаңыз, бірақ алдымен ашыққан сезіміңіздің рас екендігіне көз жеткізіңіз.

Ал экран алдында тамақтану бұл ағзадан (мидан) келетін табиғи қанығу сигналдарын басып, жеп отырған тамағыңыздан толықтай ләззат алу қабілетіңізді төмендетеді және артық тамақ жеуге әкеледі.

 

Сонымен, ұйықтар алдында шын қарыныңыз ашса, ұйқыға кері әсерін тигізбейтін тағамдарды таңдаңыз.

Кейбір тағамдар жақсы ұйықтауға көмектеседі, ал басқалары, керісінше, ұйқысыздықты тудырады. Жақсы ұйықтау үшін қандай тағамдар жеген абзал?

Ұйықтар алдында жеуге болатын тағамдар:

1. Банан - біріншіден, банан басқа жемістерге қарағанда тәбетті жақсы басады. Жоғары калориялы болғанына қарамастан сэндвичке қарағанда банан жеген дұрысырақ. Екіншіден, бананның құрамында бұлшықеттердің тез қалпына келуіне ықпал ететін магний мен калий бар. Үшіншіден, банан серотонин мен меланинді тұрақтандырып, мидың толық демалуына көмектеседі.

2. Сұлы ботқасы - бұл таңертең ғана емес кешке де тұтынуға өте пайдалы және ұйқыға да жағымды ықпал ететін тағамдардың бірі болып табылады. Оның құрамында жүйке жүйесіне оң әсер ететін микроэлементтер бар. Ботқаға банан қоссаңыз, пайдасы одан да күштірек болады.

3. Жұмыртқа - егер түнде қарыныңыз ашып ұйықтай алмасаңыз, кешке пісірілген жұмыртқа жеуді әдет қылыңыз. Жұмыртқада ақуыз көп, сондықтан түнде асүйге жүгірудің қажеті болмайды.

4. Бадам - құрамындағы магнийдің арқасында бадам тез ұйықтауға көмектеседі, сонымен қатар өзіңізді тоқ сезіндіреді. Бадамның құрамында пайдалы майлар да бар.

5. Тунец - түні бойы жақсы ұйықтауға және артық калориядан арылуға көмектесетін құрамында ақуызы көп тағамның бірі. Оны тұтас дәнді нан және жас қиярмен бірге жеңіз.

Тағамдармен қатар, кейбір сусындар да ұйқыға өте жақсы әсер етеді. Ең пайдалысы - шөп шайлары. Егер ұйқысыздық маза бермесе, әр кеш сайын түймедақ шайын немесе орегано шайын ішіңіз. Жалбыз қосылған жасыл шай да көмектеседі.

Ұйықтар алдында жеуге боламайтын тағамдар:

1. Майлы сүт өнімдері - бала кезімізде бізге жатар алдында айран немесе жылы сүт ішуді үйреткен. Бал қосылған жылы сүт шынымен де жайландыратын әсерге ие, бірақ мұндай "ұйықтайтын дәрі" барлық ересектерге жарай бермейді. Олар нашар қорытылады және асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін. Егер жеңіл сүт өнімін жегіңіз келсе, майсыз табиғи йогурт жеңіз. Ал, майлы ірімшікті кейінге қалдырған жөн.

2. Ащы және қуырылған тағамдар. Ащы тағам ас қорытуды жылдамдатып, ұйқыны бұзады және асқазан, ішек жолдары проблемаларын туындатады. Қуырылған тағам құнарлы және асқазанға ауыр болып келеді.

3. Қарбыз және қауын - түні бойы дәретханаға жүгіргіңіз келмесе, қарбыз бен қауынды таңертеңге қалдырыңыз.

4. Ішімдіктер - тез ұйықтауға көмектеседі. Бірақ ұйқының күшті және тыныш болуы екіталай. Оның үстіне таңертең мастық салдары қосылады және ағзаны сусыздандырады.

5. Кофеин. Кешкі кофе сізді бірнеше сағат бойы ұйқыдан айыруы мүмкін. Сондай-ақ, кешке энергетикалық сусындар ішпеңіз.

 

"Кешке тамақ ішсең, сергіп ал"  деген жақсы сөз бар. Сондықтан кешке астан кейін жарты сағат серуендеп қайтсаңыз түнгі ұйқыңыз жақсы, әрі жайлы болатынына күмәніміз жоқ!

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Похожие статьи

Здесь вы узнаете о правильном питании до и после физической активности. Помните, что для здоровья важно быть не только физически активным, но и следить за своим рационом питания! ...

Коленный сустав — это один из самых больших суставов в организме. Болезни суставов – распространённая проблема, с которой сталкиваются люди разных возрастов. ...

          Сіз стретчингтің (созылуға арналған жаттығулар) денсаулыққа, әсіресе қимыл қозғалыс аз адамдар үшін тигізетін пайдасы туралы естіген боларсыз. ...

Заниматься спортом теперь стало легче!
При помощи нашей базы данных, вы сможете быстро найти удобное место - от парков до игровых площадок, для физической активности и спорта.