Ересектерге арналған дене белсенділігі

         Дюкан диетасы – бұл артық салмақтан арылтып және сол қол жеткізген нәтижені өмір бойы сақтауға бағытталған 4 кезеңдік бағдарлама. Оның негізін қалаушы француз диетологі Пьер Дюкан.

Аталмыш диетаның артықшылығы тұтынған калория мөлшерін есептеу мен тамақтану күнделігін жүргізуді қажет етпеуінде.

Ең бастысы 4 кезеңнен мүдірмей өту. Алғашқы екі кезең салмақ түсіруге, қалғандары осы нәтижені сақтап, ақырындап диетадан шығуға бағытталған.

Міндетті элемент – ол сұлы кебегі, өйткені ол тойымдылық сезімін тудырып зат алмасу процесін тездетуге септігін тигізеді.

 

Диета кезеңдері

1. Шабуыл. Бұл кезең 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Егер де
«дұрыс» салмақ үшін 20 кг артық арықтау қажет болса, бұл кезең біраз уақытқа созылуы мүмкін. Тамақтану жоспарына 68 ақуызды және бірнеше қосымша өнімдер енгізілген:

· еттің барлық түрі

· балық және теңіз өнімдері

· тауық, бөдене жұмыртқалары

· майсыздандырған сүт өнімдері: сүт, йогурт, ірімшік және т.б.

2. Кезектесу. «Дұрыс» салмаққа жету мерзімі 1 айдан 1 жылға дейін болуы мүмкін. Тамақтану режимі алдыңғы кезеңмен кезектесіп отырады, яғни аялауыш және ұлғайтылған ас мәзірімен – көкөністің 32 түрі қосылған:

· ас жапырақ (шпинат), қырыққабат және басқа да жасыл көкөністер

· брокколи, гүлді және брюссель қырыққабаты

· болгар бұрышы, асқабақ

· саңырауқұлақ

· балдыркөк (сельдерей), қасқыржем (спаржа)

· кәді (кабачки)

· қызанақ, қияр

· жасыл атбас бұршақ (бобы), сарымсақ

· қызылша, сәбіз және т.б.

Салатқа немесе табада тамақ дайындағанда 1 шай қасық зәйтүн майын қосуға және 2 ас қасық сұлыға рұқсат етілген.

Дене белсенділігінің ұзақтығы – 30 минут.

3. Бекіту. Кезеңнің ұзақтығы әр «жоғалған» 1 кг салмақ үшін 10 күн деген есеппен анықталады. Мақсат – бастапқы салмаққа қайта келмеу. Алғашқы екі кезеңдегі кез-келген өнімдерді араластыруға, сондай-ақ, аздап (шектеулі мөлшерде) май мен көмірсулар қосуға болады:

· жеміс-жидектер (күніне 250 г артық болмауы керек): алма, апельсин, алмұрт, шабдалы, нектарин, киви, қара және сары өрік;

· бүтін дәнді нан (күніне 50 г артық болмауы керек);

· ірімшік (күніне 35 г, қатты және майлылығы 25%-дан төмен болуы керек);

· картоп (күніне 150 г, крахмалды азайту үшін пісірер алдында суға салынған).

Аптаның бір күні таза ақуызды тағамдар (шабуыл кезеңдегідей).

Сұлы кебегі – 2,5 ас қасық, дене белсенділігі – 25 минут.

Диета кезінде жеуге болмайтын жеміс-жидектер: банан, жүзім, шие, қызыл шие, інжір, қарбыз, қауын, құлпынай, таңқурай.

4. Тұрақтандыру. «Дұрыс» салмақты ұстап тұруға көмектесетін соңғы кезең. Рацион бойынша қатты шектеу жоқ, алайда бірнеше қағидаларды ұстану қажет:

· тамақтану негізіне бекіту кезенінің өнімдерін алу;

· аптасына бір күн ақуызды тағамдар;

· күніне кем дегенде 20-30 минут жаяу жүру;

· күніне кем дегенде 1,5 л су ішіп, 30 г сұлы кебегін жеу.

Соңғы кезеңде 100 өнім тізіміне сәйкес тамақтану жоспарын ұстануды керек және бұл тізімге аздап басқа өнімдерді де қосуға болады.

    

Егер сіз арықтағыңыз келсе, дұрыс теңдестірілген тамақтануды ұстаныңыз.

Маңызды элементтер жиынтығының қандай да болмасын теңгерімі дұрыс емес диета түрлерін таңдамаған абзал.

Ең бастысы дене жаттығуларына көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданыңыз, оған құмар болыңыз, дене белсенділігі әлемінде әрбір адамға орын бар және оның қолжетімді екендігін ұмытпаңыз!

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

         «Кето диетаның» авторы Джозеф Меркола. Кето диета – бұл тамақтануда көмірсулардан толықтай дерлік бас тарту болып табылады. ...

         Дюкан диетасы – бұл артық салмақтан арылтып және сол қол жеткізген нәтижені өмір бойы сақтауға бағытталған 4 кезеңдік бағдарлама. Оның негізін қалаушы француз диетологі Пьер Дюкан. ...

 Арқа және бел ауруы статистика бойынша 80 %-дан аса адамда кездеседі. Оның себептері әр түрлі, ал негізгісі тірек-қимыл аппаратының бұзылуы салдарынан бел омыртқа құрылымының өзгеруі болып табылады. Сәл бел ауруы бірнеше күнде немесе аптада басылады...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.