Барлығына арналған дене белсенділігі

Өзекті мақалалар

         Жаяу жүруді бірден бастап кету оңай емес. Оның мысалы, бір таудың басындағы үлкен қойтасты етекке түсіру шаруасына ұқсас. Баршамызға белгілі, алдымен қойтасты шайқап-шайқап орнынан қозғалту үшін  біраз күш жұмсап барып қана төменге домалатып жібере аламыз. Ал домалаған үлкен қойтас бара-бара жылдамдығы артып, жолында кездескен кедергілердің бәрін жайпап өтеді.

       Сіз қазір отырсыз ба? Яғни, сіз қазіргі өркениетті адамдарға тән «белсенді емес» жұмыс түрімен жұмысбасты болып отырсыз. Бұл - адамдардың әдеттегі позасы.

        Өткен жолы біз «отырма аурудың» шипасы туралы сөз қозғағанбыз және келесі жарияланымдарда онымен күресудің әртүрлі тәсілдері туралы айтуға уәде бердік. Міне сол уәде бойынша бүгін жаяу жүрудің пайдасы туралы жан-жақты әңгімелеп беремін.

         Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған аэробты жаттығулар – бұл мүгедектер арбасында немесе орындықта отырып жасайтын жаттығулар.

Жалпы ақпараттың 80-90% адамдар көз арқылы алады. Қазіргі уақытта көздің нашар көруі ересектермен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасында да белең алуда.

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.